ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМЫЗ ҚАЛЫС ҚАЛМАУДА
Талас ауданы, Қаратау қаласы, Лицей мектебінде орналасқан N 414 референдум учаскесінің комиссия мүшелері Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, қарттарымыздың қалыс қалмай дауыс берулеріне жағдай жасау үшін дауыс беру жәшіктерін жеткізді.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындары мен қызметкерлері өз таңдауларын жасады.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі