Қиындықта ел бірге: қарағандылықтар Маңғыстау облысына 6 мың тең шөп жіберді
Қарағандылықтар құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына 6 мың тең шөп жіберді. ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Қиындықта ел бірге» қайырымдылық жобасына бастамашылық етті.
Қарағанды облысының дін қызметкерлері, сондай-ақ мешіттердің жамағаты қайырымдылық акциясына қатысты. Олар Маңғыстау облысының Шетпе және Бейнеу аудандарында төрт вагон шөп жинап, жөнелтуді ұйымдастырды.
Жомарт Шаймұрат