Қоғамдық қабылдауда тұрғындар өтініші тыңдалды
Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев бастаған бір топ мекеме басшылары қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары тұрғын үй, жұмыспен қамту және кәсібін дөңгелетуге қатысты өтініштерін білдіріп, жеке бас мәселелеріне байланысты да сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
♻️ Ауқымды мәселелер бойынша жүгінген азаматтарға аудан әкімі мәселенің мән-жайы анықталғанша жағдайды өз бақылауына алатындығын жеткізді.
‼️ Әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдаған Марат Қырғызәліұлы жауапты мамандарға тікелей тапсырмалар жүктеді.
0
Бөлісу