Қордайда төрт адамды өлтірген күдікті ұсталды
Оның айтуынша, ұсталған азамат халықаралық іздеуде болған.
Алматы облысында 2020 жылдың 7 ақпанында Қордай ауданы Масанчи ауылында бір топ адамда 4 адамды аңшы мылтығынан атып өлтірген халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығының орынбасары Дәурен Қозыбақов.
Сондай-ақ ол МР-27ЕМ-1С 12 калибрлі аңшы мылтығы алынғанын айтты.
Еске салайық, Жамбыл облысы Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік 8 ақпанға қараған түні болған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәртіпсіздікке жолдағы жанжал себеп болған.
Тәртіпсіздік салдарынан 30-дан астам жеке тұрғын үй, 15 сауда нысаны мен 23 автокөлік зардап шекті. 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшы мылтығы тәркіленді.