ҚОРДАЙДАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШ

Қордай аудан орталығында тұрғындарға гемодиализ қызметін көрсететін орталық ашылды.

Айта кетейік, бұған дейін бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарға гемодиализдік қызмет көрсететін орталық аудандық аурухананың тарлау ғимаратында орналасқан еді. Енді азаматтарға жаңа әрі кең ғимаратта сапалы медициналық қызмет қолжетімді болмақ.

Қазір 50 қордайлық тұрғын есепте тұрады. Оларды кесте бойынша арнайы көлік алып келіп, апарып тастайды. Орталықта 2 дәрігер, 5 медбике және 3 санитар қызмет етеді. Бір күнде (2 ауысым 4 сағаттан) 20 емделуші қабылданады. Олар үшін барынша жағдай жасалған.

Диализ залы толықтай германиялық «BBraun» компаниясының медициналық қондырғыларымен жабдықталған. Ол бесінші сатыдағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарды қабылдауға мүмкіндік береді.

****************************************************************************

Қордай ауданындағы Сарыбұлақ ауылында балалар алаңшасы ашылып қолданысқа берілді.

Ашылу салтанатына ауыл әкімінің орынбасары М.Ибраимов, ауыл ақсақалы Қ.Бұзаубаев және ауылдың тұрғындары қатысты.

Жүздерінен күлкі кетпеген бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ.

Қордай ауданы