ҚОРДАЙДЫҢ БҮЛДІРШІНДЕРІ БАЛАБАҚШАМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛҒАН

✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифнгінде аудан әкімі Мәден Мұсаев мәлімдеді. Оның айтуынша, аймақта 52 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Биылдыққа ана өлімі тіркелмеген.
©️©️©️
«Аудан бойынша күндізгі білім беретін 49 мемлекеттік мектепте 30 096 оқушы және 13 бастауыш жекеменшік мектепте 1 377 оқушы білім алады. Бұл мектептердің 23-і мемлекеттік тілде, 2-і ресми тілде, 24-і аралас тілде жұмыс істейді. Бүгінде аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен 3-6 жас аралығындағы балалар толықтай, ал 1-6 жас аралығындағы балалардың 97,7% қамтылған. Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 33 476 жас бар десек, «Еңбек» бағдарламасы аясында 5 айда 454 жас жұмыспен қамтылды Кәсіпкерлікті қолдау бойынша 182 жас қайтарымсыз грант алды», — деді ол.
✳️Мәден Тоқтарбайұлы 2022 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алуға республикалық трансферттен 24 маманға 110 268 мың теңге және аудандық бюджеттен көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шараларына 80 маманға 24 504 мың теңге қаражат бөлінгенін атап өтті. Сонымен қатар 67 маман 20 522,1 мың теңгеге көтерме жәрдемақы алған.