ҚОРДАЙЛЫҚТАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҒЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифнгінде аудан әкімі Мәден Мұсаев айтты. Ол аймақта 2022-2023 жылдары 5 елді мекенді газдандыру мақсатында 2 жобаға 888,8 млн теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары басталғанын да айтты.
©️©️©️
«Ауданда тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатындағы жұмыстар кезең-кезеңімен шешілуде. 32 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіліп, ауыз сумен қамту үлесі 78 пайызға жетті. Осы жылы 4,1 млрд теңгеге 5 ауылда жаңа ауыз су желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сол сияқты, Отар-Гвардейск 0-2 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге 66,8 млн теңге бөлініп, жұмыс басталып кетті. Қаракемер-Еңбек-Қарасай жолдарын орташа жөндеуге былтыр 7,1 млн теңге қаралған, биыл тағы 107,3 млн теңге қарастырылып, ондағы шаруа қызу атқарылып жатыр», — деді Мәден Тоқтарбайұлы.
✳️Спикер «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 337 млн теңге бөлінгенін мәлімдеді. Бұл қаржыға Кенен ауылындағы Жылыбаева, Қашағанова, Еспаева, Кордай, Несепбаева көшелері, Отар ауылындағы Отар-Гвардейск жолы, Керімқұл, Жекенов, Қонаев көшелері орташа жөндеуден өтеді және Қонаев көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолы салынады. Жаңатұрмыс ауылындағы Жамбыл, Қалманбет, Алмабек көшелері орташа жөндеуден өтеді.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі