Қорқыттың желмаясы

Қорқыт бала күнінде қыпшақ нағашыларына барғанда ,,тау тайлақ,,тұқымынан бір ботаны оған сыйға тартқан екен. Ол ботаны Қорқыт өз қолымен үйретіп өсіреді. Бота Қорқыттан өзгенің мінгеніне жүрмейтін, жетегіне ермейтін, бір керемет көлік болады. Қорқыт өзі мінгенде ол қанатты құсқа жеткізбейді , ой мен қырды еркін басып , айдын судан ұшып өтетін болады. Сусыз шөлде шаршауды, аруды білмейді. Қорқыт жер жүзін кезіп аралағанда оның сенімді жолдасы, көлігі, атақты желмаясы болады.
**********************************************
Кешегі кеткен ер Қорқыт
Кейінгі жанға болды ұмыт.
Сарынын соның салайын,
Ескі әуез демей құлақ тұт.
Аңғармай кетпе арынмен,
Қобызбен Қорқыт сарнаған.
Болмады жері бармаған
Мұңлы әнмен өмір суреттеп,
Сол әнін соған арнаған.
Ашулы, зарлы сарынмен,
Қорқыт — түбі түрік, қалмақ,
Ойы өмір мен өлім жайын әнге дәл салмақ
Ол ән аяғын сөзсіз сарынмен,
Шер тарқатыпты зарлап.
Басында жырмен бастаған
Екі рет жырлап тастаған,
Аяғын әнмен шырқатып,
Бір ауыз сөзді қоспаған.
Әсерлі үнмен толғаған,
Сол әнді ойым ұнады
Зарласам, көңілім тынады,
Сарынға өлең салдым мен
Түп түгел сөз боп шығады.
Шәкәрім .