ҚОС БІРДЕЙ ҚУАНЫШ

Облысымыздың оқушылары тек білім жағынан ғана емес спортта да белсенді екендерін көрсетуде. Сөзімнің дәлелі ретінде, Павлодар және Шымкент қалаларында өткен республикалық ұлттық лигалардан командамыздың БАС ЖҮЛДЕ алып келгендерін айтсам болады.
Павлодар қаласында өткен Республикалық “Ұлттық мектеп лигасында” облысымыздың мектеп оқушыларынан жиналған командасы баскетболдан үздік атанса, Шымкент қаласына кеткен командамыз асық атудан бас жүлдеге ие болды.
Жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтап, тек биіктерден көрінуіне тілектеспін!
Бейқұт Жамангөзов, Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы