ҚОЖАМЖАРОВА ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Кожамжарова Раушан Пернешовна, 1972 ж.т.
Жұмыс өтілі: 1994 жылдан 2008 жылдары — мұғалім болып Жамбыл педагогикалық институтында, «Қазақ тілі» кафедрасы; Жамбыл педагогикалық колледжінде; Әулие – Ата университетінің Қазақ және орыс филология кафедрасында жұмыс істеген.
2009 жылдан 2013 жыл аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің көп салалы колледжінің директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары; директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары;
2013 жылдан 2014 жыл аралығында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары;
18.03.2014 жылдың 14.03.2022 жыл аралығында Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі басшысы қызметін атқарды
Мемлекеттік сыйлықтары:
Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасы — 16.12.2017 ж.,
Ыбырай Алтынсарин атындағы белгісі, 10.12.2018 ж.;
Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хаты — 16.12.2021 ж.,
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі — 16.12.2021 ж.,
«Білім және ғылым кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалі 2021 ж.,