ҚР АШМ және “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
“Astana AgroForum 2018” шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылғы министрлігі мен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ арасында өзара түсіністік, әріптестік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Министрліктің міндеттеріне азаматтық қоғамның қатысуы негізінде мемлекеттік саясатты тиімді түрде қалыптастыру, үйлестіру және жүзеге асыру міндеті тұр.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бірінші вице-министрі Арман Евниев және «Қазақстан Азаматтық Альянсының» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Асылбек Қожахметов Меморандумға қол қойды.
Бұл қадам жыл сайынғы Елбасы Жолдауындағы -«Ауыл-ел бесігі» тапсырмасының арнайы жобасын орындау аясында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Негізгі мақсаты ауылдық-аймақтардағы әлеуметтік ортаны жаңғырту және ауылдағы адам еңбегінің жоғарғы мәртебесін қоғаммен мойындату болып табылады.
Ауылдық-аймақтарды толыққанды және тиімді жұмыс істету үшін тұрғын үй деңгейі мен сапасын көтеру, ауыз-сумен және медициналық қамтамасыз ету, білім беру, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым, жолдар, коммуникация ( интернет, байланыс) мен басқа да жағдайлар міндетті шарты болып табылады. Салалық министрлік өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың және азаматтық қоғам көшбасшылары одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау барысында осы және басқа да міндеттерді өздеріне мақсат ретінде қойды.
24 қазан күні ауылдық үкіметтік емес ұйымдар арасында әлеуметтік жобалар конкурсының қорытындысы шығарылды. Бұл конкурс «Қазақстан Азаматтық Альянс» ЗТҚ ұйымдастыруымен ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілді. Көп дауыс жинаған алты жобаның әрқайсысына 100 000 теңге кіші гранты табысталды.
Astana AgroForum 2018 – бұл жаһандық мемлекеттік жоба, басты мақсаты АӨК саласындағы еңбек өнімділігін арттыру және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын алдағы 5 жылда 2,5 есе ұлғайту болып табылады.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com