{:kk}ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ{:}{:ru}ПРЕЗИДЕНТ РК КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ НАЧАЛ СВОЮ ПЕРВУЮ РАБОЧУЮ ПОЕЗДКУ С ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ {:}

{:kk}

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына келді. Мемлекет басшысы әуелі Қ.А.Ясауи кесенесіне ат басын бұрып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жаңғырту жоспарымен және «Ұлы Дала елі» орталығы, облыстық әкімдік пен басқармалар ғимараттарының, сондай-ақ, Конгресс холл, Медиа орталықтың құрылыс барысымен танысты.

«Ұлы Дала елі» орталығының жалпы аумағы 1,32 гектар аумақты құрайды. Атырау облысы тарту ететін ғимарат 2020 жылы пайдалануға берілмек. Ал облыстық әкімдік, басқармалар мен департаменттер ғимараттарының құрылысына жауапты әрі орындаушы –  «BI group» компаниясы. Облыстық әкімдік және басқармалар ғимаратының құрылысы биыл аяқталады. Конгресс-холл ғимаратының жалпы аумағы  – 3,1 гектар. «BI group» ЖШС-і аталған нысанды 2020 жылы пайдалануға береді. Сондай-ақ Алматы қаласы салуға тиісті Медиа орталық биыл есігін ашады. Оның жалпы аумағы 1,56 гектар аумақты алып жатыр.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Ел Президентіне осы құрылыс жұмыстарының барысы туралы баяндап берді.

Мемлекет басшысы жуырда ғана тұсауы кесілген облыстық «Жастар ресурстық орталығына» аялдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы орталықта «Жастарға қызмет көрсету», «Еріктілер клубы», «Жас сарбаз», «Тілдер мектебі» және «Stem» жобаларымен танысты. Сондай-ақ, «TURKISTAN HUB» коворкинг орталығының резиденттерімен кездесті. Бүгінгі таңда орталық бір уақытта 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады.

Президенттің Түркістан қаласындағы сапары «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысуымен жалғасты. Жалпы аумағы 96 200 шаршы метрді құрайтын 1560 пәтерлік 26 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы жылы ел игілігіне тапсырылады.

{:}{:ru}

Сегодня Президент РК Касым-Жомарт Токаев прибыл в Туркестан. В первую очередь Глава государства посетил мавзолей Х.А.Яссави, а также ознакомился с планом реконструкции музея-заповедника «Азрет Султан», с ходом строительства зданий центра «Ұлы Дала елі», областного акимата и управлений, Конгресс-холла и Медиа-центра.

Отметим, общая площадь центра «Ұлы Дала елі» составляет 1,32 гектара. Здание, заказчиком которого выступает акимат Атырауской области, сдадут в эксплуатацию в 2020 году, а заказчик и ответственный за строительство зданий областного акимата, управлений и департаментов — строительная компания «BI group». Завершить строительство этих зданий намерены в текущем году.

Кроме того, в 2020 году компания «BI group» введет в эксплуатацию здание Конгресс-холла, общая площадь объекта составляет 3,1 га. Вместе с тем, в этом году по заказу акимата города Алматы запланировано сдать в эксплуатацию здание Медиа-центра. Общая площадь объекта — 1,56 га.

Наряду с этим, в ходе визита Глава государства посетил недавно открывшееся здание областного молодежного ресурсного центра, где уже реализуются такие проекты, как «Волонтерский клуб», «Услуги для молодежи», «Жас сарбаз», «Школа языков» и «Stem». Помимо этого, Президент РК провел встречу с резидентами коворкинг-центра «TURKISTAN HUB». На сегодня центр способен обслужить одновременно около 400 молодых людей.

Также, во время рабочей поездки Глава государства ознакомился со строительством жилых домов в рамках программы «Нұрлы жер». Следует подчеркнуть, 26 многоэтажных жилых домов на 1560 квартир общей площадью 96 200 кв. метров введут в эксплуатацию в текущем году.

{:}