ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ә.Бөкейханның 155, Ә.Ермековтің 130, Ж.Ақбаевтың 145 жылдығына арналған «Алаш аңсаған азаттық»  тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.

28 мамыр күні  Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ә.Бөкейханның 155, Ә.Ермековтің 130, Ж.Ақбаевтың 145 жылдығына арналған республикалық дөңгелек үстел өтті.

Игі шараның мақсаты: Алаш қозғалысының, Алаштың көшбасшыларының оның ішінде Ә.Бөкейханның, Ә.Ермековтың, Ж.Ақбаевтың еңбектерін, әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұлттық-мәдени салаларға қатысты көзқарастарын талқылау.

Дөңгелек үстелдің құрметті қонағы ретінде Әлімхан Ермековтың немересі, «Maryadi education» білім беру орталығының басшысы, экономика ғылымдарының докторы Олег Ермеков қатысып, атасы жайлы құнды естеліктермен бөлісті.

 

 

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директоры Ербол Тілеш Алаш қозғалысының алғашқы кезеңі және оның жетекшілері жайлы айтса, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Айгүл Исмакова «Әлихан Бөкейхан — 20 ғасыр басындағы саяси элитаның Көшбасшысы» тақырыбында сөз қозғады.

Алаш арысы Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы, ардагер ұстаз, «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісінің иегері Ризабек Нарманбетұлы ұлы әкесі Ризабек КЕМЕҢГЕРОВ, ардагер ұстаз, «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісінің иегері ұлы әкесі Қошке Кемеңгерұлының қилы тағдыры жайлы кеңінен тоқталды.

 

 

Осы дөңгелек үстелге Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген тарих ғылымдарының кандидаты Өскенбаев Қанат «Сталиндік қуғын-сүргін жылдарындағы «Ермеков ісі» тақырыбында зерттеу жұмысымен бөлісті.

Сонымен қатар, жазушы, шортанбайтанушы Кәмел Жүністегі, Тарих ғылымдарының докторы Аққали Қабижанұлы, Букетов университетінің профессоры Жандос Смағұлов, Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Сағымбай Жұмағұл, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Қайырбек Кемеңгер, жас жазушы Елдос Тоқтарбай баяндамаларын оқыды.

 

      Жомарт Шаймұрат