ҚУАНТСАҢ — БАЛАНЫ ҚУАНТ

Жамбыл облысының әкім Нұржан Молдиярұлы Нұржігітовтың тапсырмасымен Серік Басманов бауырымызға басшымның аманатын табыстап қайттым.
Серік Анасымен бірге өңір басшысының жеке қабылдауында болып, келген мәселесін айтып, арман тілегімен бөліскен еді.
Шіркін барша баланың арман тілегін орындау, бір әкімнің қолында болса қанекей?!
Бірақ әр бала дүниеге өз нәсібімен келеді деген бар!
Қалай дегенімен де, ең болмаса бір баланың арманын орындап, қуанышқа бөлеу, бұл да бір ғанибет!
Серіктің тілегі ноутбук, ол тілегі орындалды!
Облыс әкімінің тілегі: Серік,Анасына қамқор, білімді, білікті, адал азамат болып өссе дейді. Бұл тілекте орындалсын!
P.S. «Ат мінгізгендей» жариялады деп сөкпеңіздер! Басшымыздың позициясы » оң қолың бергенді, сол қолың көрмесін» болып табылады. Өзімде балалардың суретін жариялауға баяғыдан қарсымын! Суретке түсу, баланың тілегі болды. Нұржан ағасының шын жүректен берген сиын, Серік мақтанышпен қабыл алды. Бұл пияр емес, бұл шын ниет. Сондықтан баланың қуанышына ортақ болайық!