Құмдағы шопандардың уақ малы 90 пайыз төлдеген

Қызығы мен шышығы қатар қайнайтын Мойынқұм өңіріне бару көптен бері ойымызда жүрген. Соның сәті сенбі күні түсіп, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Жомарт Телеуов, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Лаурат Аманов, аудан әкімінің кеңесшісі, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Аманалы Құрбанов, аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Төрехан Қойлыбаев , «Пионер» өндірістік кооперативінің төрағасы Алпысбай Жұмахановтармен бірге құмды өңірдегі шопандардың жай-күйін көруге арнайы барғанбыз.


Қойнына 111582 гектар алқапты сыйдырған Мойынқұм өңірінде 100-ге жуық шаруалар мал бағымымен айналысады.
Құмды өңір елдің байтақ жерінен сыр шертеді. Біз аялдаған Гайсийн фазендасында бір атар қой жайылымға ене кеткен.


Аға шопан Самат Гайсийннің айтуынша, 900 уақ мал қыстан қонды шыққан. Бүгінде 800 бас төлдесе, сырғалау жұмыстары аяқталуға жақын. Жайылымымызда 1200 гектар алқап бар,- деді ол шаруашылығы жайында.


Аудан әкімінің орынбасары уақ малдың қонды шыққанына көз жеткізіп:
— Ерте көктемде жауған қар мен түскен ылғалдың нәтижесі көрініп-ақ тұр. Шөп 15 см көтерілген. Құм өңірін пана еткен атар-атар қойлардың бір орыннан табжылмауынан жер-ананың бай екенін аңғару қиын емес. Бағар көбейсін!, — деді.


Мұнан соң алқалы топ «Пионер» өндірістік кооперативінің қонысына таяды.
1800 бас малдың бүгінде 70 пайызы төлдеп үлгерген. Жайылымнан тапшылық жоқ екенін айтқан кооперативтің зоотехнигі Бақытжан Сейдахмет:
Бағымымыздағы 5 шопан өз бөлінісіндегі малдарды бөлек жаяды. Шөптің бітік өскенінде көрген боларсыз. Осыдан үш күн бұрын мұндай емес еді. Ылғалдың түсуі құм өңірін жасыл желекке орады. Жаңа төлдеген қозы-лаққа сырғалау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде, — деді.

Аудан әкімінің орынбасары бастаған топ әр шопанның жайылымына бас сұғып, тілдесіп, шаруа-жайын сұрады.

Айта кету керек құмдағы өрттің алдын алу үшін 5 орман сақшысы үздіксіз қызметі етеді. Олардың астында темір тұлпар, қолында байланыс құрылғысы бар. Мойынқұм өңірінің аға сақшысы Асылхан Абдраймов айтуынша, қырағылықтың нәтижесінде 17 жылдан бірі бірде бір өрт оқиғасы тіркелмеген.

Осылайша, 450 шақырым жолда қызықты сәттермен орын алғаныныда жасырын емес.
Мойынқұм-Аса-Мойынқұм

Жамбыл ауданы