«Құранды жаттай алмаған әкенің ұлына берген жауабы».
Бір кісі Құранды жаттай алмаса да оны қайта-қайта оқи береді екен. Күндердің күнінде ол кісінің ұлы: «Әке не үшін Құранды жаттай алмасаңызда қайта -қайта оқи бересіз, деп сұрапты. Сонда әкесі:
-Ұлым көмір таситын себетті алып, су алып кел, — деді. Ұлы таң қалып, «бұл мүмкін емес қой» деді. Сонда да, амалдап болса да су толтырып алды да, әкесінің алдына келді. Бірақ себетте су қалмаған еді. Осылай 5-6 рет қайталанды. Бірде -бір рет су әкеле алмаған ұлы: «Әке айттым ғой, мұның сірә пайдасы жоқ, себет суды ұстап тұра алмайды,су лезде ағып кетеді деді». Әкесі: «Ия ұлым, мұның басқа амалы жоқ. Бірақ себеттен қандайда бір өзгеріс байқадың ба?»
-«Ия әке себет көмір таси бергеннен қарайып кеткен болатың, су кұя бергеннен тазара бастады», деп жауап қайырды ұл. Міне көрдің бе балам?!
«Дүниенің тіршілігі» деп, жүріп, жүрегіміз қарайып кетеді, ал мына Құран -таза су сияқты қарайған жүректі ағартып, мөлдірлік, тазалык,тұнықтық қасиеттермен мөлдір етеді,- деген екен.