ҚҰРАННЫҢ ТӘПСІРЛЕУШІСІ: «ӘЙЕЛДІҢ ҚҰҚЫН ИСЛАМНАН АРТЫҚ ЕШКІМ ҚОРҒАМАҒАН»
«Бейкүнә адамныңқанын нақақ төккен жан, тіпті өмірінде бір рет қана адам өлтірсе де, жұмақтың иісін сезбей өтеді. «Тәңір өзі қасиет құйған адам жанына қиянат етпе». Құранда осылай жазылған» — дейді Валерия Порохова. Құранды орысша тәпсірлеуші, 2000 жылдан бері «Конфессияаралық келісім мен тұрақтылық» атты халықаралық қордың президенті.
Бойыңдағы имансыздықты жең!
1.«АиФ»: Неге онда әлемдегі лаңкестер Исламмен қорғанады? «Ислам лаңкестігі» деген ұғым қайдан шықты?
Валерия Порохова: Әлемдегі барлық дін оның таратушысының атын иемденеді: буддизм, зороастризм, иудаизм, христиандық. Атауында мағына бар дін ол тек – Ислам. Арап-арабтық (франко-француздық сияқты) түсіндірме сөздікте бұл сөздің мағынасын былай деп тарқатқан: бейбітшілік, тыныштық, қауіпсіздік, әр нәрсеге қанағат. БАҚ ислам лаңкестігін сөз қылғанда ескеруге тиіс ақиқат, олар «исламдық» деген кальканы кез келген әлем тіліне, оның ішінде орыс тіліне аударғанда да «бейбітсүйгіш, қауіпсіз лаңкестік, қанағат беретін экстремизм» деп қабылдауымыз керек. Барып тұрған филологиялық сорақылық. Мағынасыздық. Халықаралық БАҚ-тың сауатсыздығы мен надандығын паш ететін жайт. Сол түсіндірме сөздікте мұсылман деген сөздің бір ғана түсіндірмесін табасыз: Аллаға сенген адам. Иманды адам.
Пайғамбар Мұхамед (с.ғ.с) айтыпты: «Егер мұсылман баласы бейкүнә жанныңқанын төксе, ол мұсылман болудан қалады. Жұмақтың иісін сезбестердіңқатарына түседі». Осы жерден өз атымнан қосқым келеді: адам өлтірген жан иудей болудан да, христиан болудан да кетіседі. Адам өлтіруші жазаға тартылады. БАҚ лаңкесті «мұсылман, не шахид» деп атаған кезде бір жағынан осы екі сөзді де жоққа шығарады, бірақ олар әр мұсылман үшін киелі, екінші жағынан – оның отбасы мен сыбайластарының көзінде оларға табынып, атағын аспаннан бір-ақ шығарады.
2.БірақҚұранда «жиһад» пен «кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс» туралы ұғым бар екенін жоққа шығармассыз?
— Көптеген ислам пәлсапашылары «кәпірді өлтір» деген ұғымды – «бойыңдағы имансыздықты жең» деп тәпсірлейді. Өз жан-дүниеңдегі кәпір мінезді жеңу деп түсіндіріледі. Яғни, жиһад өзіңді жеңу, психологиялық ұғым.
«Жиһад» деген ұғымды қарастырған кезде адамның бойындағы кемшілігін жеңуден қолға қару ұстап өзгені өлтіруге, кәпірлерге, көзқарасы сай келмейтін өзге мұсылмандарға қарсы соғысу – исламға тән еместікті көрсетеді, олай қарсы шығу, жау іздеу ол фитна. Фитнаға саналады. Бірақ Құранда «фитна өлімнен де ауыр» делінеді. Лаңкестік жасаушылар мұсылман елдерінен екендігін ескерсек, олар күллі мұсылмандарға да, бүкіл Исламға да қауіп төндіріп жатыр.
3.«Егер олар сізді түсінбесе, бейбіт келісімге көнбесе, сізден қолын тартпаса, ұста да өлтір…» деген ше?
— Бұл бөлімнің басы былай басталады: «Алланың ісі үшін тек саған қарсы шыққан адаммен күрес. Шектен шықпа. Дұшпаның соғысты тоқтатса, қаруыңды жиып қой». Ары қарай былай дейді: «Дінде мәжбүрлік жоқ. Алланың жолына тек даналық және көркем әуезбен ғана шақырады. Қарсы шыққандарды жұмсақ мінезбен көндіріңдер. Олар сізді түсінбесе, «Ассалаумағаләйкүм» деңіз де, жөніңізге кете беріңіз». Содан кейін барып сіз айтқан сөз айтылған. Бейбітшілікке көнбесе, қол жұмсауға дейін төмендеуге тура келсе, онда қорғану керек. Бірақ шабуыл жасауға болмайды.
4.Радикады көзқарастағы исламистер сізбен келіспес еді. Уахабшыларды айтам…
— Шейх Мұхаммед Абдул Уаххабтың XVIII ғ. миссиясы сол заманның лебімен, аумағымен, менталитетімен қатты шектелген еді. Ол кезде араптар Құрандағы Исламнан алыстаған кезі. Құмарлық пен күнәға белшесінен батқан шағы. Уаххаб оларды дұрыс жолға шақыруға келді. Алланың жолына қайтаруға. Идеологиясы тамаша еді. Бірақ стратегиясы тым қанішер, жексұрын болды. Ол ағым өзін түбіне дейін сарқып болған.
Түгесіліп болған осы діни доктринаны тек өркениеттен алыс, әлі де надан елдерде ғана тірілтуге болады. Оларда дінсіздермен күресіп жүргендей сенім қалыптасады. Ал, шын мәнінде өмір деңгейімен ғана күрескен болып шығады. Дінді саяси шешімдерден бөліп қарастыру шарт.
Адамның дінді геосаяси және қаржылық-экономикалық билік құрылымдарымен қабаттастыруы, сенімі бар адамдарға олардың діндестерінің кәпір мінезі үшін жауапкершілікті іліп қойғысы келетін дарақылық, адамның мінез-құлқынан діни астар яки, өзінің дінімен салыстырма іздеп сарсылу, лаңкестердің қандықол әрекеттерінен «діни» астар көруге тырысу, өркениет аралық қақтығыстар арасындағы, жаһандық дінаралық қарсылықтың құралы ғана болып тұр.
5.Діни ұстаздары ақ батасын беріп, өлімге өз басын тігетін әйелдер — «Алланыңқалыңдығы» деген ұғым қайдан шықты?
— «Жұмақтағы хор қызы» туралы сөз қылатын шейхтар мен молдалар – шын мәнінде мұсылмандар емес. Немесе олар тура исламды уағыз етпейді. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) исламда лаңкестікке жол бермеу туралы сөзі бар. Ол сөзі көптеген хадистерде айтылады. Солардың бірі: «Өзіне қол жұмсаған адам тозақтың отына мәңгі жанатын болады».
Иманды жан – ол тек мұсылман ғана емес. Христиан мен иудейлер ұлы дін түскен жоғары дәрежелі адам деп танитын сөздер Құранда айтылады. Алла оларға: «Монастырь мен шіркеуді, синагога мен мешітті Алланың аты толық аталатын жер деп қалдырамын» дейді.
Кімніңқұқы зор?
6. Исламда әйелдіңқұқы тапталған деп ойлау қалыпты дүние сияқты. Төртінші әйел болуға да көнеді. Ажырасса, түк алмай кете береді. Тіпті мешітте де ерлермен қатар тұра алмайды… Көп әйел алудың жақсысы мен жаманы…
— Бұл пікір барып тұрған стереотип. Оны тудырған надандық. Басқа еш жерде әйелдің құқы Исламда қорғалғандай қорғалмайды. Қара киінген әйелдердің Құранға еш қатысы жоқ. Алла айтады: «Сендер қолдансын деп бояудың еңқанық түрлерін бердім» деп. Және «ең сәнді киім киіп, көркем әшекей тағыңдар»...
Араптар Құранның сүресін қатты ұстанады: «Егер бәріне біркелкі әділетті бола алмасыңызды білсеңіз, біреуін ғана қанағат тұтыңыз». Мұнда мәселе меншік теңдікті сақтау туралы айтылған. Полигамияның мүмкіндігі өзгеше жағдайларда ғана ықтимал. Мәселен, егер әйелі бедеу болса, немесе ерлі-зайыптының арасында психологиялық, жыныстық сәйкестік болмаса. Ері бірінші әйеліне қамқорлығын азайтпастан екіншісін ала береді. Шығыс елдерінде мұндай неке саусақпен санарлық. Әйелдері әлдеқайда еркін өмір сүретін Сирия, Ливан, Иордания, Ирак сияқты елдерде көп әйел алу тіпті сирек кездеседі.
Тағы бір қызық жайт. Арап отбасының әйелі жұмыс істесе, жалақысын өзі ғана жұмсайды. Яғни, мұсылман әйел христиан әйелден әлдеқайда құқығы жоғары.
Мешіттегі әр түрлі бөлме туралы айтатын болсақ, әйел намаз кезінде еркектердің алдында тоңқаңдамауы үшін осылай жасалған. Осы ғана. Басқа себебі жоқ. Көптеген мешіттерде әйелдер жағында қалы кілемдер төселген, едені астынан жылытылатын болып келеді.
7.Онда әйелдер неге хиджап киеді?
— Оның себебі климатта деп ойлаймын. Күйеуім екеуміз Араб Әмірліктерінде болғанбыз. Дубайдан Абу-Дабиге көлікпен шықтық. 156 шақырым жер. Елсіз. Иен жатқан шөл дала. Жеткенше көлік құмға толды. Аузы-мұрнымызды аша алмадық. Құм деген киімнің ішіне толып қалды. Қалай кірді? Құмнан сақтану үшін біртұтас оранып жүреді. Бұл жалғыз себебі емес. Сириядағы құрбым айтады: «Лера, терімді қарашы, жібектей жұмсақ» — деп. Мен бір апта ашық жүрсем, әжім басып кетеді…
8.Шариғат бойынша сән: неге мұсылмандар әлпетін жауып жүреді, хиджап қанша тұрады?
— Құран былай дейді: «Төбелерің мен көкіректеріңе жаулық жабыңдар». Әрине, көз сүріндірер тұла бойдың сымбатын жауып жүрген абзал. Тәнің көрінетін, жабысып тұратын киімдерден аулақ болу керек. Құран болмаған замандардың өзінде христиандар бастарына орамал тағатын. Оған дәлелді ресейлік көркем суреттен табуға болады. Онда орыс қыздар христиандар баскиімін киген. Әйелдің басы түгелдей жабылған.
9.Құранның сіз тәржімелеген нұсқасы «Мағыналық аударма» деп аталады. Кей ұғымдарды түсіндіргенде әлі де басқа түсініктемелер болуы мүмкін деген сөз бе?
— Құран жазылған араб тілі қазіргі арабтың ауызекі тілінен басқаша. Кей кезде сөздердің мағынасы осы себептен өзгеріп жатады. Тәпсірлеушінің мәдени деңгейіне де байланысты. Мәңгі Кітаптың аудармашысы он шақты ғылымның маманы болуға тиіс делінеді. Сондықтан болар, атақты ғалымдардың ешбірі өзінің аудармасын түпнұсқамен бірдей деп дәлелдемеген. Құранды ағылшын тіліне аударған арабист ғалым Мармадьюк Пикталл өзінің нұсқасын «Мағынасы жуық» деп атаған. Біздің шығыстанушы Игнатий Крачковский өзінің «Құран» деп аталатын еңбегін жариялауға мүлде қарсы болған. Менікі де «Мағыналық аударма» делінеді.
Өз зерттеуімді бастаған кезде Құранның ағылшын тіліндегі 106 аудармасын таптым. Француз, неміс тілдерінде жүзге таяу нұсқалары бар. Орыс тіліне тек 9 аударма жасалған. Ресейде 22 миллион мұсылман диаспорасы және бұрынғы КСРО аумағында 60 миллион орыстілді мұсылман бар. Мен Құранды орысшаға аударғым келді. Орыстілді оқырман Алла туралы түсінсін, Құранның өте ерекше өлеңдерімен таныссын дедім. Сол үшін Дамаскіде 12 жыл үстел үстінен бас көтермедім.
10. Неге Сирияда?
— Өйткені, 1975 жылы Мұхаммедке тұрмысқа шықтым. Құранды алғаш рет ағылшынша оқыған кезімде санама нұр құйылды. Тәнті болдым. Лев Толстой айтқандай: «Мені тілін кәлимаға келтірген мұсылман санауларыңызды сұраймын». Мен де солай айтам: «Мені де тілін кәлимаға келтірген хақ мұсылман санауларыңызды сұраймын». Шіркеуден кетіскен ұлы жазушы мұсылманша жаназа шығартқанынан хабарыңыз бар ма?
Ал Кейт Мор (Канадалық медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, эмбриология жөніндегі оқулықтың авторы, сол бойынша әлемдегі медицина университеттерінің бәрі оқытады. — Ред.) бір күні маған ағынан жарылды. Егер Құранды 20 жыл бұрын оқығанда өзінің жаңалығын 20 жыл бұрын тапқан болар едім деп. Бұны маған католик айтып тұр! Құранда «адам сұйықтықтан туады, үш түрлі күйде, үш түрлі түнекте өседі» делінген. Жуырда медик ғалымдар әйел жатыры үш түрлі ұлпадан тұрады деген жаңалық ашты.
Океанолог Жак Ив Кусто (ол да исламды насихаттаған) су астында көзге көрінбес қабырғаға соғылған балықтар үйірін көрген. Соғылған балықтар кері шегінген. Келген жеріне қайтып кетеді. Мұның да түсіндірмесін Құраннан тапқан. «Тәтті су мен тұзды судың арасында көзге көрінбес шек бар». Суды судан бөлетін табиғи шекара бар.
Құранды мағынасына үңіліп оқи бастасаңыз, оның ғылыммен үндестігіне тәнті боласыз. Ресей академиясында төрт сағат лекция оқығаным бар. Сонда 70 жастан асқан мәртебелі академик орнынан тұрып айтты: «Бұл сөз Құранның сөзі болса, онда мен мұсылманмын» деп.
Сұқбаттасқан Екатерина Бычкова
Қазақшалаған Шынар Әбілдә
mazhab.kz