Құрметті Мойынқұм ауданының тұрғындары!
Біздер Мойынқұм аудандық орталық аурухананың дәрігерлері індет басталғалы аудандағы жұқпалы аурулар бөлімінде індетпен ауырған адамдармен тікелей байланыста ем жасап, жұмыс істеудеміз. Біз-ең бірінші болып екпе қабылдадық. Көзіміздің нақты жеткені сырқатпен жұқпалы аурулар бөліміне түскен азаматтардың 99% ауруды көпшілік жерге қыдырып немесе жеке шаруаларымен қала аралап келген адамдар екенін көріп отырмыз. Пациенттердің ауа жетпей қиналып келгеніндегі айтатын сөздері вакцина алмағаным ай деген өкініш сөздер. Себебі, вакцина салған кей азаматтар да ауырып түсіп жатқаны да жасырын емес, дегенмен олардың ауыру деңгейі салыстырмалы түрде анағұрлым жеңіл және аз уақыт 2-3 күн ішінде аяғынан тұрып, ем қонады. Ал екпе алмағандардың ауыру уақытының ұзақтығы 8-9 күн дегенде әрең жеңілдеп беті бері қарауда. Кей азаматтарымыз ауыруға сенбей үйде жатып өз бетінше емделу әрекеттерін жасап уақыт өткізіп алып кеш келіп жатқандары қаншама… өздеріңіз де туыстарыңыз бен таныстарыңыздың екпе алудан бас тартып, медицинаға кеш қайырылып, дүниеден озып жатқандары туралы да хабардар болып отырсыздар. Сондықтан Сіздерге екпе алған адамның өз өмірін сақтап қалу мүмкіндігі анағұрлым жоғары екенін жеткізгім келеді. Қорықпай, алып қашпа әңгімеге сенбей екпе алыңыздар! Екпе алу Сіздің және отбасыңыздың өмірін мына тілсіз жаудан сақтаудың бірден бір жолы!
Мойынқұм аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің емші дәрігері Тлеуова Салтанат Жарқынбаевна