Құшағына құлағанда тყған үйіңді сезінетін жігітті ізде
Қолыңнан ұстағанда жүрегің дүрсілдейтін жігітті емес, құшағына құлағанда тყған үйіңде жүргендей еркіндікті сезінетін жігітті ізде.
Сұңғақ бойлы, сымбатты, тартымдысын іздеме. Адал, мінезі ашық, азаматтығын ешқашан төмендетпейтін жігітті ізде.
Әдемі сөйлейтінін емес, әрекеті өздігінен сөйлеп тұратын жігітті ізде.
Келешектің көркем сყретін салатынды емес, арманыңды жүзеге асыратын жігітті ізде.
Саған бар болғаны 5 не 50 пайыз ყақытын бөлетін емес, саყдаласпайтын жігітті ізде.
Өзің кездесყге шақырып, шаршайтынды емес, сенімен әр сәтті ынтыға күтетін жігітті ізде.
Жүрегіңді ойыншық көретінін емес, шын күлдіретін жігітті ізде. Өміріңді қиындататын емес, сенсіз өмір сүре алмайтынын жігітті ізде.
Қиялыңдағыны іздеме, қасыңнан табылған, махаббатын арнаған жігітті ізде. Қалтасы қалыңы, не лаყазымы барын іздеме. Сен үшін тұрысатын жігітті ізде.
Сен үшін не істей алады деп іздеме. Бір-бірің үшін не істей алатындарыңа қарап ізде.
Кәсібі мықтысын іздеме.
Жақсы әке, жақсы күйеყ болатынын ізде. Қыз атаყлы көз тігетін жігітті іздеме. Тек сені қалайтын жігітті ізде.
Білектісін іздеме. Ержүрек, сенімді жігітті ізде. Ешқашан сүйіп көрмеген жігіт үшін оны өзгертетін жалғыз махаббат болам деп тыраштанба. Жүрегі жараланса да сезімнің қყатын бойынан өткізе алған жігітті ізде.
Тез ғашық болғыш жігітті іздеме. Саған жақындаყға асықпайтын жігітті ізде.
Әйелді сыйламайтын, сезімін пайдаланғысы кеп тұратын жігітті іздеме. Сенің нәзіктігіңді құрметтейтін, аялайтын жігітті ізде.
Сұлყлығың мен пәктігіңе қызығатын жігітті іздеме. Сенің қайсарлығың мен батылдығыңды құрметтейтін жігітті ізде.
Сенің бойыңдағы тек мақтаყлы мінезді жақсы көретін жігітті іздеме. Сені бар кемшілігіңмен жақсы көретін жігітті ізде.
Сені ыңғайлы нұсқа ретінде бағалайтынды іздеме. Сені жоғалтып алყға қорқатын жігітті ізде.
Бір болайық дегізіп өзіңді жалындыратын жігітті іздеме. Саған үйленейік дей алған жігітті ізде.
Еркіндігінен айырылып қалам деп қорқатын жігітті іздеме, сенімен бірге өмір дейтін саяхатты бастаყға асыққанын ізде.
Соңынан қყып жүретін жігітті іздеме, саған таңдаყға амал қалдырмайтынын ізде.