«Құтқа толы Хан тауының қойнауы, Мойынқұмым – Жаз атамның жайлауы»
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында 2021 жылдың маусым айының 23 күні Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына, жыр алыбы Жамбыл бабамыздың туғанына 175 жыл толуына, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Құтқа толы Хан тауының қойнауы, Мойынқұмым – Жаз атамның жайлауы» атты облыстық ақындар айтысы өтті.
Айтыс басталар алдында Жаз ата ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Халқымыздың рухын, сауаты мен танымын арттыруға бағатталған іс-шараның ауданмыздың мәдени, рухани, тарихи мәртебесін көтеруге, насихаттауда маңызы зор. Ақындар айтысты бастар алдында, Аудан әкімі Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы келген қонақтарға, қазылар алқасына қош келдіңіздер деп жылы лебіздерін білдірді, ақындарға шабыт, сәттілік тіледі. Айтыс барысында ақындар Тәуелсіздігіміздің тұғырын текті жырлармен толғап, тарихты, жер-су аттарын жас ұрпаққа тереңірек түсіндіруге бағытталған жырлар арнады, Мойынқұм ауданының тарихы, тәуелсіздікке жету жолында тер төккен ерлердің еңбегі, елдің бірлігі, берекелі тірлігі жырланды.
«Құтқа толы Хан тауының қойнауы, Мойынқұмым – Жаз атамның жайлауы» атты ақындар айтысына Тараз қаласынан және Жамбыл облысының аудандарынан 14 айтыскер ақын, Мойынқұм ауданынан 2 айтыскер ақын, барлығы 16 айтыскер ақын қатысты. 16 ақын 8 жұпқа бөлініп айтысты. Айтыс қортындысы бойынша Бас жүлдені Жуалы ауданынан келген Қанат Мырзахан иеленді, бірінші орын Ғабит Есдәулетов (Мойынқұм ауданы), екінші орын Асхат Қылышбек (Тұрар Рысқұлов ауданы), екінші орын Дархан Әбдіманат (Байзақ ауданы), үшінші орын Дидар Апбасов (Жуалы ауданы), үшінші орын Төлеби Тәңірберген (Тараз қаласы), үшінші орын Нұрлыбек Құрманов (Жамбыл ауданы), үшінші орын Медеу Мырзатай (Тараз қаласы).