ҚЫЛША АЛҚАБЫНДА ҚЫЗУ ТІРЛІК

Бүгінде ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінен ең негізгісі бұл қант қызылшасы болып отырғаны белгілі.
Отандық қант өнеркәсібінің сұранысын қанағаттандыру үшін өңірлердегі шикізат өндірісі дамылсыз жұмыс істеуі тиіс. Яғни қант зауыттарының қалыпты жұмысына қажетті қызылша қорының мол болғаны керек. Бұл талап Жамбыл ауданындағы ауыл шаруашылығының дамуына серпін беріп, тәтті түбір алқабының көлемін арттыруға жол ашты.
Еске салыйық, биылғы жылы Жамбыл ауданында қант қызылшасын 700 гектарға орналастыру жоспарланып, толығымен орындалды.
Оның ішінде Айшабибі — 100 га, Ақбастау — 60 га, Ақбұлым -40 га, Аса — 80 га, Бесағаш — 40 га, Гродеково — 50 га, Жамбыл -60 га, Көлқайнар — 120 га, Қаракемер — 65 га, Қарасу — 20 га, Қаратөбе — 25 га, Қарой — 20 га, Қызылқайнар — 20 га.

Көркем Асқар