Қырағы қызметкерлер

Тартысқа толы турнир қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Мұндай ойындарда тек жеңіс қана емес, достық қарым-қатынасты нығайту да маңызды. Жолдастық кездесулер ұжымдық рухты нығайтып, әріптестер арасында ұйымшылдықты арттырады.
Турнир қорытындысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің командасы жеңіске жетсе, екінші орынға Полиция департаментінің командасы, үшінші орынға Төтенше жағдайлар департаментінің құрама командасы ие болды. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен ойыншылар да марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздардың сыйлықтарын қазақстандық футбол жұлдыздары Самат Смақов пен Давид Лория табыс етті.
Спорт – денсаулық кепілі деген. Полиция қызметкерлері физикалық тұрғыда шыныққан, үнемі қалыпты формада болулары керек. Осы мақсатта және салауатты өмір салтын насихаттау үшін департаментімізде спорттық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Онда белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген барлық қызметкерлерге өз алғысымды білдіргім келеді.