Қыс маусымына дайындық жұмыстары зерделенді

Бүгін Талас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулеттің төрағалығымен қыс маусымына дайындық жөнінде көшпелі штаб отырысы өтті.
Аталған жиынға Жуалы, Сарысу, Талас аудандарының әкімдері мен осы салаға жауапты мамандар қатысты.

Жиында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев 3 ауданға қатысты қыс маусымына дайындық жөнінде хабарлама жасады.

Одан бөлек, Жуалы, Сарысу және Талас ауданы әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарлары жылыту маусымына қатысты аудандарда атқарылған және кезек күттіретін мәселелерді баяндады.

Жиынды қорытындылаған Рүстем Рысбайұлы орын алған кемшіліктерді жоюға нақты мерзім белгілеп, бұдан бөлек тағы бір көшпелі отырыс өткізетіндігін жеткізді.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі