ҚЫЗҒА ТЫЮ КӨБІРЕК БОЛУ КЕРЕК ПЕ?

«Карьера, карьера» дейтін қыздар көп қазір. «Менің қызым президент болады, бизнесвумен болады, мені асырайды» дейтін әкелер де аз емес. Ағайын-ау, кәрі қыздарды қолдан жасап отырған жоқпыз ба деген ой келеді маған. Кердеңдеген, тасыраңдаған қыздар тіпті көбейіп кетті. Әкелері сөйтіп қолпаштап отырса, қыз бала бағын қайдан тапсын? Бір жағынан шешесі: «ертең күйеуге шыққан соң алдымен карьера жаса, жұмыс істе. Әйтпесе, мен құсап төрт қабырғаның ортасында бала бағып отырып қаласың» деп «оқытатын» болса. Шешенің «сабағы» қыз бала үшін өмірлік өнеге болатыны ақиқат қой. Біздің санамызда ұлттық тәрбиенің жұрнағы да қалмағандығының белгісі емес пе осы? «Ұлға — отыз, қызға — қырық үйден тыю» деген мәтел жай сөз емес. Отыз бен қырық үндестік үшін емес, қызға тыю көбірек болу керек дегенді айтып тұр ма деймін? Қыз баланың ең үлкен карьерасы — келін болу, ардақты ана болу, ұлы әже атанып, бір әулетті үйіріп отыру емес пе? Әлде, мен заманның өзгергенін, уақыттың басқаша аға бастағанын аңғармай отырмын ба? Карьера деген не өзі? Өзіңді де, өзгені де жұлып жеп жүріп, қайран уақытты бос өткізіп алу ма?

Serik Zhanbolat фб парақшасынан