Қызыңыз болса қуаныңыз!

-Күндердің күнінде жаңа үйленген жас жұп ауылдан қалаға көшіп, жаңа пәтерде тұра бастайды. Екеуі біршама уақыт ешкімге пәтер есігін ашпаймыз, деп бір-бірімен келіседі. Кенет ертесі күні есік қағылады. Екеуі есікке жақындап көздіктен қараса жігіттің ата-анасы екен. Екеуі келіскен бойынша есікті ашпайды. Ертесіне тағы есік қағылады. Бұл жолы қыздың ата-анасы болып шығады. Қыз жігітке ашуды өтініп, жалбарынады, жігіт есікті ашып ата-енесін жақсы күтіп алады.

Содан арада біраз жылдар өтеді. Әлгі екі жұптың қатарынан 4 ұлы болады. Жақында ғана отбасы үлкейіп қыз баласы дүниеге келеді. Әкесі дүркіретіп той жасап, үйіне жақын қонақтардың барлығын шақырып, балаша қуанып жүреді. Мұны сезген достары оған:

— Сен бұған дейін төрт рет ұлды болдың. Олардың ешқайсысына мұндай дастархан жаймадың. Енді қызды болып едің ерекше қуанып жатсың. Мұның сыры неде? деп сұрайды. Сонда ол:

— Себебі, ертең мен үйге келгенде бірінші болып есікті ашатын қыз дүниеге келді, — деген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы

kazislam.kz