“Әр қазақ – менің жалғызым”: Белгілі қазақ азаматы Арыс үшін 10 млн теңге аударды

Отандық Source Energy компаниясының бақылаушылар кеңесінің Төрағасы, белгілі филантроп, профессор Оралбек Ботбай Арыс қаласындағы жағдайдан соң зардап шеккен отбасыларға 10 млн теңге аударды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы хабарлады.

“Белгілі ақын Сабыр Адай әдемі айтақандай әр қазақ – менің жалғызым. Бұл менің өмірлік ұстанымым. Қолымнан келгенге мұқтаж жандарға қол ұшын созғанды жөн көремін.

Арыстағы айтып келмейтін апатты ел болып жұмыла көтердік. Ел президенті Тоқаев мырза да оқиға орнына барып, ел-жұрттың жағдайымен танысты. Осы орайда, Арысқа ізін суытпай жеткен облыс басшысы Шөкеевтің іскерлігін айта кету керек.

Дегенмен осы оқиғаны көрген өзге кәсіпкерлер де аянып қалмаса екен ” – деген Ботбай ел-жұрттың амандығы мен тыныштығын тіледі.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстықтарға көмек беріп жатқан халыққа алғысын білдірсе, Тұрғымбаев өртті не себепті сөндіре алмай жатқанын түсіндірді.

Сондай-ақ, жарылыс күні Арыста ұялы байланыс неге істен шыққаны, қазіргі уақытта қаланың жағдайы қандай екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді, ал Алматыдан құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері жөнелтіледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ, қалада жоғалып кеткен әскери қызметкер табылды.

Айта кететін жайт, жойқын жарылыс болған өңірде мешіттің әйнектері аман қалған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған