«Əр қазақ менің жалғызым» (видео)

Арқалы қазақ ақыны Сабыр Адайдың ұлттың рухын көтерер «Əр қазақ менің жалғызым» деген өлеңіне Ибрагим Ескендір əн шығарыпты. Тұла бойды шымырлатып, делебеңді қоздырар бұл əннің өскелең ұрпаққа берері көп! Қоғам нəрсіз, мəнсіз əндерден шаршаған бүгінгідей өлара кезеңде, бұл əннің көтерер жүгі ауыр! Тыңдаңыздар, ағайын! Қалғып кеткен намысты, мүлгіп кеткен рухты оятайық!