Рахат Сейдахметқызы: Қаламыздың зерделі жастарымен мақтанамын
Тамылжыған тамыз қарбаласқа толы айлардың бірі. қушылар үшін алғашқы қоңыраудың сылдыры естілетін күнге де аз уақыт қалды. аңа оқу жылы басталады деп, ата-ананың да мектепке дайындалып, жанталасатын кезі осы уақыт. Республикамыздың түкпіртүкпірінен мектепке тарыдай болып кіруге асыққан бүлдіршіндер мен таудай боп қанат қағатын мектеп түлектерін жаңа оқу жылында жаңа өзгерістер күтіп тұр. Биыл Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2012019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өз жұмысын бастады. аңа реормада үштілділік жүйесіне көшу, бес күндік оқыту аптасының енгізілуі мен 12 жылдық білім беру сынды өзгерістер қарастырылған. Соңғы жылдары республикамызда білім саласы бойынша Алматы шаһары көш бастап тұр. Қала жетістігі мен білім саласындағы өзгерістердің анық-қанығын білу үшін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Рахат Сейдахметқызы Шимашева ханыммен тілдескен болатынбыз.
— Рахат Сейдахметқызы, алғашқы сауалымды қаламыздағы білім ошақтарынан бастасам деймін. Олардың жыл өткен сайын саны жағынан көбейіп жатқандығы көңіл қуантады. Солардың ішінде мемлекеттік тілдегі мектептердің саны мен сапалық деңгейіне тоқталсаңыз.
— Қаламызда расында да білім ошақтарының саны көбейіп жатыр. Әсіресе соңғы уақытта мектептердің барлығы дерлік заманауи үлгіде бой көтергендігін білесіздер. Оқу бөлмелері оқу үрдісіне сай құрал-жабдықпен қамтылып, мектеп оқушыларының жанжақты білім алуына барлық жағдай жасалуда. Әрине, бұл тек қуанарлық жайт. Осы ретте сұрағыңызға жауап беріп өтейін, жалпы Алматы қаласында барлығы 201 мемлекеттік мектеп бар, оның 64-і қазақ тілінде, 68-і қазақорыс, 1-і қазақ-орыс-ұйғыр тілдерінде оқытады. Соңғы бес жылда жаңадан салынған 12 мектептің 10-ы таза қазақ мектептері болып ашылды.
Егемен еліміздің өсіп-өркендеуі, даму дәрежесі бүгінгі ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Қай кезде де саннан сапа маңызды. Сондықтан да үлкен жауапкершілік пен өрелі міндеттерді жүзеге асыруда біз ең алдымен осы мәселені бірінші орынға қоямыз. Біз үшін биылғы жыл толағай табыстарға толы болды. Айталық, Алматы қаласы барлық көрсеткіштер бойынша республикада 1-орынды иеленді. Қаламыздың зерделі жастарымен мақтанамын. Мектеп оқушылары республикамыздың өзге аймағындағы жастармен білім сайысында бақ сынасып, жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Олар математика, физика, химия, биология пәндерінен Президенттік олимпиадада 3 жыл қатарынан, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларда 11 жыл қатарынан, 14 жыл қатарынан ғылыми жобалар конкурсында, 4 жыл қатарынан оқу жетістіктерін сырттай бағалауда тек жақсы жетістіктерге қол жеткізді.
Сонымен қатар, биылғы жылы ауыз толтырып айтатын жағымды жаңалықтарымыздың бірі ҰБТ қорытындысы болды. Қала бойынша орташа балл 96,2-ні құраса, қазақ тілінде оқытатын мектептердің орташа балы — 98,6, ал орыс тілінде оқытатын мектептердің орташа балы — 93,7. Ал «Алтын белгі» белгісін алған 254 түлектің 204-і (80,3%) қазақ, 44-і (17,3%) орыс, 6-ы (2,4%) ұйғыр тілінде оқытатын мектептердің түлектері. Ең жоғары 125 балды жинаған 6 оқушының барлығы да қазақ мектептерінің түлектері. Осыдан-ақ мемлекеттік тілдегі мектептердің сапалық деңгейін бағамдай беріңіз.
— Экономикасы дамыған, білім саласы жолға қойылған әлем елдері сияқты Қазақстанның да жаңа оқу жылында бес күндік оқыту стандартына көшетіндігі белгілі. Десек те бұл жүйе оқу бағдарламасын жоспарлауда қиындық тудырмай ма? Сағаттардың азаюына байланысты ұстаздардың жалақысының қысқаруы мүмкін бе?
— Қазақстан Республикасында білім беру және ғылымды дамытудың 20162019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім беретін мектептерде 5 күндік оқу аптасын енгізу мәселесі қарастырылған болатын. Бұл ең алдымен ұстаздар қауымын алаңдатқаны жасырын емес. 2016-2017 оқу жылынан бастап мектептерде кезең-кезеңімен бес күндік оқуға көшу басталады. Алайда биылғы оқу жылында бес күндік оқуға тек 1-сыныптар көшетін болады. Осыған байланысты министрлік тарапынан 1-сыныпта 5 күндік аптаға арналған сабақ кестесін жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдама жасалуда. Ал апталық жүктеме өзгерген жоқ, тек бірқатар жаңа пәндер енгізілді. Сондықтан мұғалімдердің сағаттары қысқармайды.
Бұл жүйе балаларға, ұстаздарға да қиындық тудырмайды. Керісінше, шәкірттің де, мұғалімнің де ізденуіне қолайлы жағдай жасалып отыр. 2017 жылдан бастап 2, 5, 7-сынып оқушылары 5 күндік оқыту аптасына көшіп, 2019 жылы балалардың барлығы жаңа жүйемен білім алатын болады. Қазірдің өзінде білім саласындағы жаңа стандартқа ең алдымен ата-аналар дән риза. Сенбі, жексенбі күндері ғана демалыс күндері болғандықтан, алты күн бойы кітап толы сөмке арқалаған балаларымыздың оқу кестесі бір күнге қысқарса, уақытын бос өткізбей, түрлі үйірмелерге, спорт секцияларына қатыстыруға мүмкіндік туады деп қолдап отыр. 5 күндік оқыту жүйесін енгізу — заман талабы. Ең бастысы, екі жаққа да тиімді.
— Келесі жылдан бастап, білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ұлттық бірыңғай тестілеу трансформацияланатындығы мәлім болды. Осыған байланысты енгізілетін өзгерістер жайлы айтып өтсеңіз.
— 2016-2017 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердің түлектерін қорытынды аттестаттау мен ҚР жоғары оқу орындарына іріктеу тестінде өзгерістер болады. Қазіргі таңда осыған байланысты мемлекеттік бітіру емтиханы мен Ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімінің форматын ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеу үстінде. Жалпы мемлекеттік бітіру емтиханы — орта білім курсын бітіргені туралы куәландыратын мемлекеттік үлгідегі қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Емтихан мектептерде өткізілетін болады.
Ал ұлттық бірыңғай тестілеу жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған іріктеу емтиханы болғандықтан, тестілеу жоғары оқу орындарының базасында өткізіледі. Ұлттық бірыңғай тестілеу ең алдымен мектеп түлектерін алаңдататын сұрақ болғандықтан, осыған байланысты енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар алдағы уақытта белгілі болмақ.
— Енгізіледі деп жүрген 12 жылдық білім беру жүйесінің басты ерекшеліктеріне тоқталсаңыз.
— Мемлекет басшысы дамыған отыз елдің қатарына қосылу мұратын міндеттеп отыр. Еліміздің ертеңі жастар болғандықтан, олардың жан-жақты болуы керек-ақ. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 20162019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша:
— Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптарда енгізіледі;
— 2017-2018 оқу жылында 5-сыныптан бастап үш тілде білім беруді кезеңкезеңімен енгізу басталады. Үш тілде білім беруді дамыту дарынды балаларға арналған 33 экспериментті мектептің, 20 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жүзеге асырылатын болады.
Республика бойынша 33 эксперименттік мектептің 5-і Алматы қаласынан. Бұл білім ордаларында көп жылдан бері 7сыныптан бастап математика, физика, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылып келеді. Сонымен қатар, қала мектептерінде жазғы тіл лагерьлері ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 20162019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жоғары сыныптарда төрт пән бойынша (информатика, физика, химия, биология) ағылшын тілінде оқыту қарастырылған. Осыған орай, үш тілде білім беруге көшу, жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау мәселелері бойынша Министрлік тарапынан, әрбір өңірлерде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
— Жыл сайын оқулық мәселесі көлденең алдан шыға беретіні жасырын емес. Биылғы жылы осы мәселе өз шешімін табатын шығар?
— 2016-2017 жаңа оқу жылында оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін алу үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. 033 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінде 211 сыныптар үшін оқулықтар 100 пайыз мектеп кітапханаларына жеткізілді. 1сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұнына көшуіне байланысты әзірге оқулықтардың 80 пайызы ғана алынды. Қалған оқулықтар 1-2 күннің ішінде толық берілетін болады.
— Мектеп оқушыларының бірыңғай мектеп формасы жайлы не айтасыз? Бұл мәселеде әлеуметтік жағынан нашар тұратын, көп балалы отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған ба?
— Өздеріңіз білесіздер, Алматы қаласында осыдан 10 жыл бұрын бірыңғай мектеп формасы ата-аналардың ұсыныстары негізінде енгізілген болатын. Қазір қаламыздың оқушылары осы жылдар аралығында бірыңғай мектеп формасын киюге дағдыланған. Қазіргі таңда оқушылардың денесіне қонымды, аллергия шақырмайтын, теріге кері әсерін тигізбейтін сапалы форма шығарылып жатыр. Жыл сайын оқу жылының аяғында мектеп әкімшілігі оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесулер өткізіп, мектеп формасы жайлы толық анықтама беруді әдетке айналдырған. Білім және ғылым министрлігі 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен республикалық «Мектепке жол» акциясын бастап кетті. Бұл осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш акция қайырымдылыққа бағытталған. Яғни әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға осындай жеңілдіктер қарастырылып отыр. Осы уақыт аралығында еліміз бойынша екі миллионнан астам балаға көмек берілді.
Сондай-ақ, акция барысында атааналардың өтініштері де назардан тыс қалмайтын болады. Министрлік мәлімдегендей, өткен жылы материалдық көмекке зәру жандар 2014 жылмен салыстырғанда 20 мың адамға өскен. Әлеуеті төмен отбасылар, әлбетте, бірінші кезекте көмек алатын болады.
— Мемлекеттік балабақшаларда «үштілділік» принципіне қандай пікір айтасыз? Балабақшадағы бүлдіршіндерге арналған бағдарламаларға қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?
— Қазіргі таңда балабақшада шет тілдерін, соның ішінде ағылшын тілін оқыту мәселесі тың тақырыптардың бірі болып отыр. Өйткені балабақша жасындағы балалар әр нәрсені білуге құштар екендігін өзіміз жақсы білеміз. Олардың дүниетанымдық, қызығушылық қасиеттері анағұрлым ерекше болады, соған байланысты үйрену, қабылдау қабілеттері тез. Елбасы Жолдауында балаларды мектепке дейінгі біліммен толық қамту туралы да кеңінен айтылғандықтан, бұл мәселе де жан-жақты талқыланып, барынша шешімін тауып келе жатыр. Ал балабақшалардағы бағдарламаларға келер болсақ, айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Тек мектепалды даярлық тобына арналған жоспар бойынша «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларына жаратылыстану, драма және орыс тілі бойынша қазақ топтары, орыс топтарында қазақ және ағылшын тілін оқыту енгізілді.
— Сұхбатыңызға рақмет!
Дайындаған Жұлдыз Әбіл