Рамазан айында 7 млн-дай адам қажылығын өтеуі мүмкін

Рамазан айында және осынау қасиетті айдың қарсаңында 7 млн-дай адам кіші қажылығын атқаруы мүмкін. Сауд Арабиясының қажылық істері жөніндегі министрліктің ресми өкілі Мұһаммед Беджауидің айтуынша, биыл Мысырға 1,2 млн-нан аса квота бөлінген. Яғни, қажылық квотасы бойынша Мысыр алда тұр. Одан кейінгі орында – Пәкістан (900 мыңнан аса), үшінші орында – Индонезия (655 мың). Одан кейінгі орындарда Түркия, Үндістан, Иордания, Алжир, Малайзия, Ирак, т.б. 

Islam.kz