Рамазан айында тойды кейінге қалдырғанымыз абзал
Ораза, айы болған соң, көптеген ағайындар тойды кейінге қалдырды. Бұл да болса, құптарлық іс деп ойлаймын. Алла сәтін салса, қасиетті айдан соң, қазакеңдердің » той маусымы » басталады.)
Ұлын ұяға, қызын қияға қондырмақшы. Әумин. Ұрпағымыз көбейіп, Атырау мен Алтайдың шекарасын » құдалық » жолымен бекей берсін, деген мендегі тілек.
…Айтпағым, қазіргі мейрамхаларда той жасау шығынын өздеріңіз 5-ке білесіздер. Кризис қысқан заманда, қаржының мәселесін айтпай-ақ қоямын. Банктер мен бас аман болсын кебі. Тойдың өту формасы да, барлық, аймақта тайға таңба басқандай анық. Енді, НЕ ДЕЙСІҢ ?, бізге, деген үлкен сұраққа — жауабын берейін.
Болған оқиға ізімен..
Осыдан, бірнеше жыл бұрын, ағамыз, Израильге жұмыс сапарымен барды. Аты-жөнін айтпаймын. Рұқсат сұрамай жазып отырмын.))
Содан, орналасқан » қонақ үйінің » берген тамағына тәбеті болмай, қой, тәуір ас ішетін дәмхана болса деп қаланы аралап шығады.
Жолда әдемі, өзі үлкен мейрамханаға бас сұғады. Асқа тапсырыс беріп, жан-жағын көзбен шолып өтеді. Сөйтсе, «тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездеседі» деген рас қой. Көп жылдар бойы Алға ауданында тұрып қоныс аударған, ұлты Еврей, досы ас ішіп отыр екен. Сол арада, екеуі құшақтасып, мәз болып.. қайдан жүрсің — ей,
сен бе, шынымен ?….мұнда, қайдан жүрсің..? деген жылы әзіл амандық-саулық сұрасқаннан кейін, Еврей досы баласының үйлену тойының шаруасымен мейрамханаға келгенін айтады ғой..
…Міне, қызық. Мен, сол елдің » той жасау процесі » қалай өтеді, ағамыздан өз аузынан естігенімді айтайын деп отырмын.
…Тойға 500 ден1000 дейін адам қонаққа шақырылады екен. Шақыру билетімен бірге , мейрамхананың ас мәзірі (меню) қоса беріледі. Мен, шақыру билетін алып, өз асқазанымның мөлшерін,тәбетімді, қаржы көлемін оймен бір саралап өтіп, ас мәзірін белгілеп, ақшасын өзім төлеп, қайыра салып жіберемін. Бұл жерде қазақтың мәтелі » ас біреудікі, асқазан өзімдікі » деген сөз айтылмайды. Тойдан шыға сала, е, осы ма… дастарханда дым болған жоқ, деген сөз атымен болмайды. Үйленіп жатқан жастарға 100 $ ды» тойға шашу» деп сыйлығымды беріп кетемін…
Ең, басты мәселе, осылар емеспе..? Біріншіден, той жасайтын адамға қандай жеңіл. Аста төк, ысырап деген болмайды. Сағ 18-00 де шақырып, түнгі 9 да басталып, таңғы 2-3 терде ет, 2-ші горячи жеп отыратын қазекеңдерге таптырмас тәсіл емес пе?))
500 адам 100$ дан ақша берсе, жастардың үйі мен автокөлігі дайын тұр..
П/сы, бізге де тойға үлкен өзгеріс керек.
Елтай Кемелдің фб парақшасынан