«Рамазан» – рақымшылық пен қайырымдылық айы

Осы орайда,      аталмыш  санаттағы жандарға Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығының меценаттары шын жүректен қайырымдылық ауызашар-ифтар өткізді. Бұл маңызды шара ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласының «Омад» кафесінде өтті. Онда келушілер мен қонақтарға арналып  бай және жомарт дастархан жайылды. Ұйымдастырушылардың бірі — Тараз қалалық мәслихатының депутаты Әлішер Әлімұратұлы Кәрімов 35 адамға арналған қайырымдылық іс-шараны өткізуге көмек көрсетті. Осымен Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы меценаттарының қайырымдылық көмегі аяқталған жоқ.

Мәселен, «Наргиз» кафесінде 30 адамға қайырымдылық түскі ас берілді. Бұл шақырылғандардың арасында да  мүмкіндігі шектеулі жандар болды.  Қиын өмірлік жағдайда қалған жандарға көмектесу және қолдау білдіру — біздің өңірлік ҚХА меценаттарының қалыпты ісіне айналды. Сондықтан қасиетті Рамазан айындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға  қайырымдылық жасаушы ер-азаматтардың пейілі кең, қолы ашық болсын!

Жасаған жақсылықтары  өздеріне еселеніп қайтарылары сөзсіз.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

 Баспасөз қызметі орталығының басшысы Бибігүл Шахзада