Рамазанда қалай тамақтану керек?

*Ауыз ашуды құрмамен бастаңыз!* Алла елшісі (с.а.у) құрма мен сүтті адам үшін ең жақсы тағам деп санаған.
*Суды көбірек ішіңіз!* Ауыз ашқан соң суды көбірек ішу керек Сәресі уақытына дейін бірнеше стақан су ішуге тырысыңыз. Егер суды ұнатпасаңыз айран, қантсыз компот, жеміс шырынын ішсеңіз болады.
*Тез шөлдететін тағамдардан бас тартыңыз* Күнделікті қолданатын тұзды өнімдерден, тұздалған қияр, қызанақ, түрлі тұзды салаттардан бас тартыныз .
*Асықпай тамақтаныңыз!* Ауыз ашқаннан кейін алдымен құрмамен су, сорпа, ет қосылған көкеніс тағамдары сияқты жеңіл тағамдардан бастаңыз Бірден қуырылған тамақ жеуге болмайды. Асығыс тамақтансаңыз асқазаныңыз қорыта алмай ауруларға душар болуыңыз мүмкін.
*Тәттілермен қоштасыңыз!* Ас мәзірінен тәттілерді алып тастаңыз. Себебі бұлар ағзаңызды әлсіретіп, қарныңызды тез ашырады. Ауыз ашақаннан соң екі-үш сағаттан соң тәттінің орнына құрма, кептірілген өрік, мейіз, жаңғақ қолданыңыз.
*БЕС АУЫЗ СӨЗ*
Бір: *Алланың жіберген әр сынағына шүкір ет! Ең бастысы денің, аяқ-қолың сау. Өмір бір-ақ рет беріледі, ал мүмкіндік көп. Тәубеңе келіп жүр,тәубешіл пендесін құдай да сүйеді!*
*Өтіп жатқан өміріңе шүкір ет! Сенен де қиын жағдайда журген адамдар бар.*
*Әр атқан таңыңа тәубе, батқан күніңе шүкір де. Ол ғажапты көре алмай жүрген зағиптар қаншама?!.*
Екі: *Айналаңа сүйсіне, тамсана қарайлай жүр.Осы тіршілікке ғашық болып ғұмыр кеш. Бұл жалған уақытша ғана. Көкірек керіп тепсіне берме.Қандай мықты болсаң да, көкірегіңді көр топырақтың зілі басатынын ұмытпа!*
*Бұл бес-ақ күн — жалған өмір! Өзгемен «алысып» жүргенде өз бақытың мен уақытыңды өткізіп аласың. «Шаршадым!», деме. Ол – күпірлік! «Шаршағанды көрсетейін, білмей жүр екенсің!»,- деп, бейнетіңді еселей берсе не істей аласың!..*
Үш: *Басыңды қандай бұлт шалса да «тырс етпе».*
*Құдайдың дегені, Алланың пешенеге жазғаны бар, қашып құтыла алмайсың! Жыланып, жала жауып, жауласа берме, бәрі көкте жазулы тұр! Шыр айналдырып әкеліп өзіңнің басыңа бір күні барлық ЖАҚСЫЛЫҚТЫ үйіп-төгіп бере салады, немесе қалың сорды!*
*Алланы зікір қылып Жүректі де, жаныңды да тыныштандыр, аласұрма, жанталаспа! Ешкімнің нақақ көз жасы мен наласын арқалама. Жалғыздың үнін Құдай ғана естиді, «Мен жалғызбын!»,- деп қамықпа!*
Төрт: *Жамандыққа жақсылықпен жауап бер. Кектеніп, өшпенділікпен өмір сүру өз туған перзенттеріңнің тамырын өз қолыңмен шапқанмен тең!*
*Өз сәтсіздігің мен бақытсыздығыңды өзгеден көрме,өзіңнен ізде!*
*Жасаған жақсылығың кей пенделерден жамандықпен қайтады. Оған сен дайын бол!*
Бес: *Үлкен жақсылық пен байлық келерде Алла сені аямай сынаққа салады… Төзімің мен шүкіріңнің салмағын байқайды. Аспаннан алпыс түрлі пәле жауса да Құдайдан үмітіңді үзбе!*
*Пенде… Пенделер адасады, шатасады, ұрыссады, қырылады… Ақыр соңында өзгеге не қылды?! — Соны өздері арқалап қайтады.*
*Құдайсыз қурай да сынбайды, қар да жаумайды. Ендеше ауырды да жеңілді де көтере біл!*
Кешірімді болайық. Алла Тағала баршамыздан разы болып пендешілікпен біліп — білмей жасаған күнəларымызды кешірсін.
Осыны жақын адамдарыңа, достарыңа бауырларыңа тарат.
Ғибрат алсын.
Возможно, это изображение (текст)
Поделились: 1
Просмотрено: 29
Нравится

 

Комментировать
Поделиться