РАМАЗАНМЕН ҚОШТАСУ
Берекесі мол айым,
Қимай тұрмын, қош деуге.
Пенделердің,
-сұраймын?
Күналарын кештің бе?
Қуанышы мол айым,
Өте шықтың лезде!
Мұсылманның талайын,
Байыттың ба, мінезге?!
Мерекесі мол айым,
Құйдың жанға таң нұрын!
Сезінді ме ағайын,
Қара судың қадірін!
Шуақ төккен нұрлы айым,
Шықтың жүрек төріне.
Танымаған құдайын,
Тәубесіне келді ме?
Ырысы мол нұрлы айым,
Барлығынан тыйылдым!
Ағарттым ба, самайын,
Нәпсі дейтін құйынның?
Берекелі нұрлы айым,
Жолағайық дін аман.
Қоштасамын, қимаймын,
Тазарт мені, күнадан!
Нағашыбай Қабылбек
10.04.2024