Рамазанның алғашқы күнінде балалар үйін қуанышқа бөледі

Рамазан айының алғашқы күнінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің тыныс тіршілігімен танысты. Министр балалар үйіне соңғы үлгідегі медициналық физиокабинетке арналған «Бином» медициналық құрылғысын сыйға тартса, өңір басшысы 20 тәрбиеленушіге ЭКСПО -2017 көрмесінің билеттерін тарту етті.

48efbb44-1165-4304-a43e-bf36968812cc

«Мұнда балалардың ештеңеге алаң болмай өсуіне, оқуына, жалпы азамат болып қалыптасуларына барлық жағдай жасалынуы тиіс. Сондықтан мекеме қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артылады»,- деген облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы балалардың Астанаға барып-қайту шығындарын да өз есебінен жүзеге асыратынын жеткізді.
Аталған мекеме жыл басынан бері ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қамқорлығына алынған болатын. Қазіргі таңда мұнда 3 жастан 11 жасқа дейінгі 68 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленеді. Мекемеде 45 қызметкер жұмыс істейді. Оның 21-і педагог, онбесі тәрбиеші, төртеуі дәрігер.
Айта кетейік, 2016-2017 жыл аралығында балалар үйінің 9 тәрбиеленушісі қамқоршылыққа, 3-тәрбиеленушісі патронаттық тәрбиеге беріліп, 6 бала туған отбасына қайтарылған.

105acf1c-3097-4231-b7e1-10328ca6feb5
Тәрбиеленушілердің барлығы тұрғын үй алуға кезекке қойылған. Жетім балалардың жәрдем ақылары өз есеп шоттарына түсіп отырады. 46 мектеп жасындағы бала, қаладағы №33 К. Қасымұлы атындағы жалпы орта мектепте білім алады, 22 бала мектепке дейінгі топтарда тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі топтар «Зерек бала» бағдарламасы бойынша дәріс алады.

Балалар үйінде оқу-тәрбие жұмысы толығымен қазақ тілінде жүргізіледі, би, вокал, қол өнер үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге 58 бала қатысады. Сабақтан тыс уақытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Балалар оқу құралдармен толық қамтылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі