РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАУ — ҰЛЫ МҰРАТ
Осыған орай, Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының концерт залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, мерекелік концерт өтті.
Салтанатты шараға Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек, аудандық мәслихат хатшысы Қадірбек Садубаев, аудандық мәслихаттың депутаттары мен қала тұрғындары қатысты.
Алдымен салтанатты қарауыл тарапынан еліміздің көк туы сахна төріне шығарылып, жанды дауыста мемлекеттік Әнұран орындалды.
Салтанатты шарада Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының көркемөнерпаздары өнер көрсетті.
Мемлекеттік рәміздер — бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.
Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына орай, ауданда ұлттық белгілерімізді ұлықтау жыл бойына жалғаса бермек.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі