РЕФЕРЕНДУМ

Ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін жалпыхалықтық реферундум Жаңа Қазақстанның жаңа келбетін қалыптастыратыны сөзсіз. Еліміздің қолданыстағы заңына 33 өзгеріс пен толықтыру енгізу жоспарланып отыр. Бұл бүкіл Конституцияның үштен бірі.
Референдумның мақсаты мен маңызын түсіндіру бойынша ауданда тиісті жұмыстар қолға алынды. Облыстық және аудандық желілік кестелерге сәйкес халықпен кездесулер ұйымдастырылуда. Осы мақсатта құрамында 25 адамнан тұратын аудандық қоғамдық штаб құрылған. Штаб мүшелері бүгінге дейін Қаратау қаласы мен ауылдарда 17 кездесу өткізді.

Қанатбек Мәдібек, Талас ауданының әкімі