Референдум Талас ауданында ұйымшылдықпен өтті

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған референдум Талас ауданында да ұйымшылдықпен өтті.
Саяси науқанда барлығы 30 референдум учаскесі жұмыс жасады. 26,0 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие болса, алдын ала қорытындылар бойынша олардың басым көпшілігі өз таңдауын жасады.
 
Аудан тұрғындарына ел болашағы жолындағы аса жауапты сәттегі белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз!

Қанатбек Мәдібек,

Талас ауданының әкімі