Реформаның мән-маңызы талқыланды
Конституциялық реформа – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған маңызды іс-шара. Осындай ел үшін маңызды шараның мән-маңызын халыққа түсіндіру мақсатында «AMANAT» партиясы жанынан арнайы штаб құрылып, еліміздің барлық аймақтарында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда, партия республикалық штабының мүшесі Берік Уәли мен партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы, өңірлік штабтың төрағасы Дауыл Бейсенқұлов макарон өнімдерінің бірнеше түрін шығаратын «РОЛА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбекшілер ұжымымен кездесті. Реформаның мән-маңызы талқылаған шараға аудан әкімі Бақыт Қазанбасов та қатысты.
Басқосуда өңірге арнайы ат басын бұрған Берік Уәли реформалар Президент соңғы жылдары ұсынып келе жатқан саяси бастамалардың логикалық жалғасы екенін атап өтіп, Мемлекет басшысы шешім қабылдауға азаматтарды белсенді араластыруға шақырып отырғанын жеткізді. Оның сөзінше, аралас сайлау жүйесінде партияға мүше емес азаматтар да Парламентке депутаттыққа сайлана алады. Яғни, қарапайым азаматтар да белсенділік танытып, халық қалаулысы атануына жол ашылып отыр. Бұл да болса халыққа, нақтырақ айтқанда сіз бен бізге беріліп отырған мүмкіндік. Бұдан бөлек, сот шешіміне көңілі толмаған азаматтар Конституциялық сотқа тікелей арыздана алады. Демек, ел халқының құқығы толығымен қорғалады деген сөз.
Жиында аталған серіктестік ұжымы 5-маусым күні ел болашағы үшін дауыс беретіндіктерін жеткізді.
Amanat партиясы Жамбыл облыстық филиалы