Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан жайлы қойылым (Видео)

Қарағандыда 8-мамыр күні батыр бабамыз Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккені туралы театрландырылған көрініс қойылады. Қазір ауқымды шараға соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қойылымға қатысуға барлығы 200-ден астам қарағандылық ниет білдірген. Олардың арасында Ауған соғысының ардагерлері де бар. Ұйымдастырушылар керекті қару-жарақты қолдан жасап жатыр. Ал сол заманның ескі техникаларын табуға жергілікті тұрғындар көмектескен. Жауынгерлердің киім-кешегін де қаладағы өнер ұжымдары беріп отыр. Сценарий авторларының айтуынша, Майқұдық ауданындағы мәдениет сарайы Рейхстагқа ұқсас етіп безендіріледі. Маңайына ор қазылып, от жағылып, кәдімгі ұрыс алаңына айналады.

Дереккөзі: 24 Хабар арнасы