Ренжіткен адамға қалай жауап беру керек?

Бірде шәкірті ұстазынан:

— Ұстаз, егерде мені біреу ренжітсе, қатты сөйлеп, көңіліме тиер ауыр сөз айтса, оған қандай жауап қатуым керек? — деп сұрайды.

Ұстазы:

— Сен ағаштың түбінде отырсың делік. Бір кезде басыңа ағаштың бір шыбығы түсіп кетті. Қандай әрекет жасайсың? — дейді.

Шәкірті бірден жауап береді:

— Не істейсің дейсіз бе? Бұл жай сәйкестік қой. Бір тал шыбықтың мен отырған кезде басыма түсуі сәйкестік қана ғой.

Сонда ұстазы:

— Міне, дәл осылай. Біреу ашуға беріліп, ызаланып, сені кемсітіп, сені емес, өзін төмендетті. Ол ағаштан жерге түскен талдай нәрсе. Бір шыбыққа бола сен уайым-қайғыға салынбайсың ғой. Сондықтан ол адам сені алаңдатпасын, — деп жауап береді.

Айна Жанабай фб парақшасынан