Ресейден орденмен оралды
Аудан әкімі Абат Шыныбеков Ресейдің Самара қаласында өткен «Перспектива-регион 2017» атты аймақаралық шағын және орта бизнес жетекшілерінің конгресіне қатысып, қоғамдық мойындау аталымының лауреаты болып, «Аймақтың алтын қоры» орденіне ие болған кәсіпкер Айсұлу Ихсанованы қабылдады.
Аудан басшысы көршілес елдің марапатымен құттықтаған соң, Айсұлу Сатыбалдықызы алған әсерін әңгімеледі. Самара қаласында өткен конгресте шағын және орта бизнестің өнімдері мен қызметінің көрмесі, «Интеграция – бизнестің даму жолы» конференциясы, табысты кәсіпорындардың презентациясы, шеберлік сыныптары, марапаттау рәсімі, «Алтын баллға» қатысып келгенін айтты. Тәжірибе алмасудың, өзге елде білгеніңді көрсетіп, білмегеніңді үйренудің кәсіпті өрлетуге зор септігі тиетінін тілге тиек етті А.Ихсанова.
Бұл шараға көрші елдерден, облыстың басқа аудандарынан барлығы 120 кәсіпкер қатысса, оның 5-еуіне ғана алтын марапат берілген екен. Сол бесеудің бірі сырымдық кәсіпкер – Айсұлу Ихсанова.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА