Ресми ақпарат

2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандары мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 баллды, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 баллды құрады.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.

Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы, Қарақыстақ ауылдық округі Каменка ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасының қабырғасында жарықтың пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтылануда.

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдаймен танысу үшін Т.Рысқұлов және Меркі аудандарына барды.

8(7262)513575 нөмірі бойынша «жедел желі» іске қосылған.

Толық ақпарат қосымша жолданады.

Жамбыл облысы әкімдігі