Республика күні Гродековада спорт кешені ашылды
Республика күні қарсаңында өңіріміздегі 6 елдімекенде әмбебап спорт кешендері, кіші футбол алаңы және балалар ойын алаңшасын ел игілігіне беру жоспарланған.
Он күн ішінде Аса, Қаратау, Тоғызтарау, Гродекова, Айшабибі ауылында тұрғындар өтінішіне сәйкес, ел игілігіне кіші футбол алаңдары, спорт кешендері пайдалануға берілсе, бүгін Гродекова ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы арнайы барып, тұрғындарды мерейлі мерекемен, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
– Өңірде бұқаралық спортты дамытуға үлкен мән беріліп, 177 спорт нысаны жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Бұл Мемлекет басшысының спорт саласына ерекше екпін бергенін аңғартады. Баршаңызды ұлық мереке — Республика күнімен құттықтаймын. Спорт кешенінен елімізді әлемге танытар спортшылар шыға берсін, — деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Сондай-ақ ауыл ақсақалы да сөз алып, жастар — ел ертеңі екенін, спорт кешені жастардың көптен күткен нысаны екенін атап өтті.
Мұнда күрес, каратэ, бокс, баскетбол, волейбол, кіші футбол алаңдары қарастырылған