Республика мақтанышы Ұлытауды жер-жаһанға танытты
Ұлытаудың өнерлі өрені – Ерден Шәкәрманды бүгінде көптеген елдің өнер сүйер қауымы жақсы біледі десек артық айтқандық емес. Ол кішкентайынаш шет елдерге шығып, түрлі өнер байқауларында өзінің шоқтығы биік екенін көрсете алды…
Үстіміздегі жылдың шілде айында Ерден Шәкәрман Түркияның Каппадокия қаласында өткен өнер додасында вокал номинациясы бойынша халықаралық байқауындың Гран-приін жеңіп алды. Бұл байқауға Түркия, Канада, Молдова, Румыния, Үндістан, Иран, Грузия және Болгариядан ондаған әншілер қатысты.
– Бұл байқауға қатысу біздің ойымызда жоқ еді. Каппадонияға барғандағы басшы мақсатымыз осы елде түсірілетін «Мұрагер» фильмінеүсу болатын. Ерден осы фильмнің басты кейіпкерін сомдады. Шілденің 25-і мен 28-і аралығында түсірілім аяқталып, ол конкурсқа қатысуға шешім қабылдады, – дейді Ерденнің анасы Райхан Нұғыманқызы. – Осылайша Ерден өзін тағы бір қырынан көрсетті. Бізді Каппадокия әкімі қабылдап, қала басшысының өзі оған Алғыс хат табыс етті.
Анасы Райхан Нысанбаеваның айтуынша Ерден бес жасынан бастап вокалмен айналыса бастаған. Оның әлемге әйгілі әнші болу деген арманы бар. Осы мақсатына ол батыл қадам жасауда.
– Өткен жылы орден Сакарияда (Түркия) өткен VII Халықаралық фестиваль-байқауда I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, Грузияға халықаралық байқауға жолдама алып, Батуми қаласында өткен «GOLDEN WAVE-2022» III халықаралық фестивалінде 1 орын алды. Ұлымның мұндай жетістіктерге жетуіне, сахнада тамаша өнер көрсетуіне оның өнер жолындағы ұстаздары, эстрада әншілері Дәуренбек Мерғалиев пен Сая Махамбеттің үлестері зор, – дейді өнерлі өреннің анасы.
Бүгінде Ерден Шакарман күллі қазақ жұртының мақтанышына айналып келеді. Оның репертуарында туған жер, Отан, ана туралы бірнеше ән бар. Қазіргі таңда Ерден актерлік әрі вокалдық шеберлігін шыңдап, Қазақстанның, туған Ұлытаудың даңқын асқақтатуды жоспарлап отыр.
Ізтай Белгібайұлы.