Республикалық «JasSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасы асында экскурсия өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Жамбыл облысының 85 жылдығына орай бекітілген облыстық кешенді жоспары аясында биыл «JasSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасы республикалық форматта өтуде.

 

Аталған өңірлік жобаға республиканың әр өңірінен жастар ресурстық орталықтарының мамандары, волонтерлер, түрлі саладағы белсенді жастар қатысуда.

Жобаның алғашқы күні қатысушылар үшін «Көне Тараз» этно-мәдени кешеніне («Көне Тараз» ашық аспан астындағы музейі, Туризм орталығы, бақылау мұнарасы мен Көркемсурет галереясына) және тарихи-мәдени орындарға («Айша бибі», «Бабаджа хатун» кесенелері «Қараһан» кесенесі, «Даңқ» залы, «Тектұрмас» кесенесі) экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия аясында қатысушылармен басқарма басшысы Ж.Зұлпыхар арнайы кездесіп, сәттілік тіледі.

Алдағы күндерде республикалық «JasSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасы аясында қатысушылар дала заңына негізделген арнайы жасақталған этно-ауылда қазақтың ұлттық ойындарынан бақ сынап, дәстүрлі тағамдар дайындаудан жарысатын болады.

Ғасырлар бойы қалыптасқан құндылығымыз, әлеуметтік – мәдени мұрамыз — салт-дәстүрді жаңғырту, оны жастар арасында дәріптеу ұлттық тәрбиенің бастамасы болып қала бермек.