РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ АУДАНДА
Баршаға мәлім, еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. 2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Бұл – біздің болашақ дамуымыздың стратегиялық бағытын айқындайтын сәт.
⚜️Парламенттік партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдарды
жұмылдырған Халық коалициясы Президент үміткерлігіне Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын ұсынды.
⚜️Коалиция бүгінгі күні қоғамдық штабтар құрып, үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізуде.
⚜️Соның бір дәлелі, бүгінгі Жұлдызы биік Жуалы ауданына Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау бойынша республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сапары.
⚜️Жуалы жұртшылығымен кездесуге Кандидатты қолдау бойынша республикалық қоғамдық штаб мүшелері Парламент Мәжілісінің депутаты М. Төлепберген, Парламент Сенатының депутаты Қ.Қожамжаров, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Qazaqstan Ardagerleri»
қауымдастығының төрағасы Б.Смағұл, облыстық қоғамдық штабтан Партия ардагері, «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы А. Абдуалы, облыстық мәслихат депутаттары А. Акчалова мен К.Бегалиев қатысты.
Спикерлер Кандидаттың сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға жеткізіп, сауалдарына жауап берді.
Тұрғындар Қ. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасына, Реформаларға қолдау білдіретінін жеткізді.
Марат Нарымбек