Республикалық профилактикалық іс-шара
Тараз қалалық №3 пробация қызметі Тараз қалалық ПБ 1-ПБ жергілікті полиция қызметімен бірлесе 2024 ж. 15-22 тамыз аралығында «пробация» атты Республикалық профилактикалық іс-шара бойынша есепте тұрған сотталғандар тұрғылықты жерінен тексерілуде.
Ағымда жылдың тамыз айының 15 бастап пробация есебінде тұрған қайта қылмысқа бейім тұлғалардың тарапынан орын алатын жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша және сот жүктеген міндеттердің тиісінше орындалуы бойынша профилактикалық іс-шара өткізілуде, аталған іс-шара барысында 105 сотталған тұрғылықты мекен-жайынан тексеріліп, 8-сотталғанның сот жүктеген міндеттерді бұзғандығы анықталды, сонымен қатар жаза өтеу тәртібін өрескел бұзған 2-сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға алмастыру жөнінде Тараз қалалық №2 сотына ұсыным еңгізілді.
Аталған профилактикалық шараны өткізу барсында басты назар есепте тұрған қайта қылмысқа бейім санаттағы тұлғаларға қайта жаза өтеу тәртібін түсіндіру және осы топқа жататын сотталғандарды анықтау.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне еңгізілген өзгерістермен толықтырулар атап айтқанда кәмілетке толмағандарға қатысты қылмысқа, тұрмыстық зорлық-зомбылық санатындағы қылмыстарға жол бергені үшін жауаптылықтың артқандығы бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Тараз қ. №3 ПҚ А. Хасенов