Республикалық арнайы мониторингтік топтың Атырау облысына іс-сапары
Атырау облысына жұмыс іс-сапарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин және Республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшелері Алдан Менкеев, елімізге белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада , Рафаэль Гасанов келді. Сапар барысында Жылыой, Мақат аудандарының және Атырау қаласының мемлекеттік мекемелерінің, әлеуметтік нысандардың жұмысы қарастырылды.
Арнайы мониторингтік топтың қызметі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаудың «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» — атты тоғызыншы бағытын іске асыруға бағытталғаны атап өту керек.
Іс-сапар бастамасы кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде пайдалануға берілген обьектілермен танысудан басталды. Соның ішінде Жылыой ауданы, «Металлопродукт» ЖШС-гі метал өнімдерін шығару зауыты, балабақша, орталық аурухана ғимараттары мен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеіберінде іске қосылған «Elegant» тігін ательесі.
Сондай-ақ, Мақат ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырылды. Арман Тілектесұлы шараға қатысушыларды Агенттіктің қызметінің басымды бағыттарымен таныстырды, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер және факторлы-баллдық шкаласы арқылы пилоттық режимде енгізілген мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбекақы төлеу жүйесі.
РАМТ мүшесі Алдан Менкеев өз сөзінде аудан тұрғындарын жемқорлықтың кез келген көрінісіне белсенді түрде қарсы тұруға шақырды, осы жағымсыз әлеуметтік құбылыспен күресу үшін барлық ресурстарды пайдалану керектігін ескертті.
Іс-сапар бағдарламасының келесі қадамы болып Атырау облысының орталығы Атырау қаласы белгіленді. Атырау қаласында топ мүшелері көші-қон қызметінің сервистік орталығының қызметімен танысты.
Айтылғандарға қоса, Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Атырау облысы «Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен еркін форматта пікірталас өтті. Пікірталас барысында студенттер тарапынан «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейі қандай?, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар нәтиже беріп жатыр ма? Пара алған және берген адам бірдей жазалана ма? және т.б» тақырыпта сұрақтар қойылып, оларға Агенттік өкілі Арман Бердалин толық жауап берді.
Арман Тілектесұлы «Atyrau» облыстық телеарнасында «Мемлекеттік қызмет» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып,жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, жемқорлықтың алдын — алу бойынша шаралар, республикадағы мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы облыс тұрғындарын ақпараттандырды. Осыларға қоса, топ мүшелерінің қатысуымен Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясы өткізілді. Конференция барысында топ мүшелерімен Атырау облысындағы әлеуметтік нысендардың жай күйіне оң баға берілді.
Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша Атырау облысы аудандарының және қала басшылығына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша және де халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу туралы ұсынымдар берілді.
Өз тілшіміз