РИО – 2016. ЕРКІН КҮРЕСТЕН АЛТЫН ӘЛІ БҰЙЫРМАЙ ТҰР — СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР

Рио Олимпиадасының қарсаңында еркін күрестен Қазақстан құрамасының осыған дейінгі Атланта мен Лондон Олимпиадасының аралығындағы көрсеткіштерін назарларыңызға ұсынамыз. 

Бес Олимпиада да еркін күрестен алған жүлдеміз. Өкінішке қарай әлі алтын алған жоқпыз.

Еркін күрес
Олимпиада өткен жер Жүлде алдық
Атланта – 1996 Қола – Мәулен Мамыров  (52 келі)
Сидней — 2000 Күміс – Ислам Байрамуков (97 келі)
Афины — 2004 Күміс – Геннадиий Лалиев (74 келі)
Бейжің — 2008 Күміс – Таймураз Тигиев (96 келі)
Қола – Марид Муталимов (120 келі)
Лондон — 2012 Қола – Ақжүрек Таңатаров (66 келі)

Грек-рим күресіндегі балуандар әлі Олимпиадаға толық құраммен барған емес. Ал еркін күресте жүргендер 2012 жылы Лондон Олимпиадасына толық құраммен барған. Жалпы жеті салмақ бойынша балуандарымыз сынға түсті.

55 келі – Дәулет Ниязбеков – қола медальға күресіп жеңілді.
60 келі – Дәурен Жұмағазиев – алғашқы айналымда жеңілді.
66 келі – Ақжүрек Таңатаров – қола медаль алды.
74 келі – Абдулхакім Шәпиев – ширек финалда жеңілді.
84 келі – Ермек Байдуашев – алғашқы айналымда жеңілді.
96 келі – Таймураз Тигиев – алғашқы айналымда жеңілді.
120 келі – Дәулет Шабанбай – қол медальға күресіп жеңілді.

Еркін күрестен Қазақстан азаматтығын алған балуандар және олардың жетістігі.

Еркін күрес
Есімі мен тегі: Қайден келді? Жетістігі:
Атланта — 1996
Артур Федоров Якутия (Ресей) 1992 жылы Ресей чемпионатында қола алды (57 келі).
1996 жылы Атлантаға Қазақстан атынан барып екінші айналымда жеңілді.
Магомед Куруглиев Дағыстан Екінші айналымда жеңілді (74 келі).
Эльмади Жабрайлов Дағыстан Ресей атынан Әлем (1989, алтын) және Олимпиада (1992, күміс) жүлдегері. Жартылай финалда жеңілді (82 келі).
Игорь Климов Брянск (Ресей)  Екінші айналымда жеңілді.

Жалпы Қазақстан құрамасы апарған 10 салмақтағы 6 балуанның үшеуі легионер болған.

Сидней – 2000
Геннадий Лалиев Оңтүстік Осетия Жартылай финалда жеңілді.
Магомед Куруглиев Дағыстан Топтан шықпады

Жалпы Қазақстан құрамасы апарған 8 салмақтағы 6 балуанның екеуі легионер.

Афины — 2004
Леонид Спиридонов  Якут Қола медальға күресіп жеңілді.
Геннадий Лалиев Оңтүстік Осетия Күміс медаль алды.
Магомед Куруглиев Дағыстан Топтан шықпады
Марид Муталимов Махачкала, Дағыстан Қола медальға күресіп жеңілді.

Жалпы Қазақстан құрамасы апарған 7 салмақтағы 6 балуанның төртеуі легионер.

Бейжің — 2008
Леонид Спиридонов Якут Қола медальға күресіп жеңілді.
Геннадий Лалиев Оңтүстік Осетия Алғашқы айналымда жеңілді
Таймураз Тигиев Владикавказ. Солтүстік Осетия  Күміс медаль алды
Марид Муталимов Дағыстан Қола медаль алды

Жалпы Қазақстан құрамасы апарған 7 салмақтағы 6 балуанның үшеуі легионер.

Лондон – 2012
Абдулхакім Шапиев Дағыстан Ширек финалда жеңілді
Таймураз Тигиев Владикавказ. Солтүстік Осетия Алғашқы айналымда жеңілді

Жалпы Қазақстан құрамасы апарған 7 салмақтағы 7 балуанның екеуі легионер.

Олимпидаға бір емес екі мәрте, тіпті үш рет барғандар бар.

Олимпиадаға екі мәрте барғандар
Мәулен Мамыров Атланта – 1996 (52 келі), (қола).
Сидней – 2000 (54 келі).
Бауыржан Оразғалиев Афины – 2004 (55 келі).
Бейжің – 2008 (60 келі).
Леонид Спиридонов Афины – 2004 (66 келі).
Бейжің – 2008 (66 келі).
Марид Муталимов Афины – 2004 (120 келі).
Бейжің – 2008 (120 келі), (қола).
Таймураз Тигиев  Бейжің – 2008 (96 келі), (күміс).
Лондон – 2012 (96 келі).
Олимпиадаға үш рет барғандар
Ислам Байрамуков Атланта – 1996 (90 келі).
Сидней – 2000 (97 келі), (күміс).
Афины – 2004. (96 келі).
Магомед Курглиев Атланта – 1996. (74 келі).
Сидней – 2000. (85 келі).
Афины – 2004. (84 келі).
Геннадий Лалиев Сидней – 2000. (76 келі).
Афины – 2004. (74 келі), (күміс).
Бейжің – 2008. (84 келі).

Дайындаған — Серік ҚАНТАЕВ