Риясыз ризашылық

Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік таңы атқанына 26 жыл уақыттың әр таңы мен үшін ерекше күн, бақыт таңы!  Алыста жүріп елді аңсаған сәттердегі  үлкендеріміздің жан толғанысын бала болсақ та сезініп , қоса армандап , туған жерге жетіп өсіп-өнсек деген мақсатпен өмір сүрдік.

Азаттықтың таңы атып , көк туымыз желбіреп  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлы әлемнің түкпір-түкпірінде тарыдай шашылып жатқан қандастарымызды елге шақыра бастаған сәтте көштің алғашқы легіне ілігіп, Отанымызға келу  бақыты біздің жанұямызға да бұйырды! Елге келіп бабамыздан мұра етіп қалдырған қол өнерін ары қарай дамытуға бел буып « Ерке – Нұр» атты ұлттық киімдер тігу компаниясының шаңырағын  көтердік. Осы уақыт аралығында компания жұмысы кең өріс алып , алыс-жақын шет елдерге ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен танымал болдық .  Еңбегім еленіп, мемлекетіміздің көптеген марапатына ие болдым !

Мемлекетіміздің барлық саласындағы болып жатқан өсу мен өрлеу жолдарында еңбектену мен үшін үлкен бақыт!

Осындай бақытты Тәуелсіз атқан таңымыз үшін Елбасымызға, ел-жұртыма алғысым шексіз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын бауырлар!

Құрметпен: Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері , Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «НұрОтан» партиясы орталық саяси кеңесінің мүшесі,  Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Фарида Мерхамитқызы